Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Махмұт Ялавач, Махмұт Жалауаш, Махмұт Ялавач Хорезми (т.ж.б. — 13 ғ-дың ортасы) — моңғолдардың Мауереннахр-ға қойған бірінші билеушісі (даруғашы, даруғабек). Хо

Махмұт Ялавач

  • Басты бет
  • Махмұт Ялавач

Махмұт Ялавач, Махмұт Жалауаш, Махмұт Ялавач Хорезми (т.ж.б. — 13 ғ-дың ортасы) — моңғолдардың Мауереннахр-ға қойған бірінші билеушісі (даруғашы, даруғабек). Хорезм саудагерінің отбасында туып-өскенімен, жас кезінде саудамен түркі-моңғолдар арасына барып, сонда қалып қойған. Шыңғыс ханның, кейіннен оның мұрагерлерінің ерекше сеніміндегі адам болды. Шыңғыс ханның Хорезм Мұхаммед шаһқа елшілікке жіберген үш мұсылман саудагерінің бірі М. Я. еді. Кейін Дешті Қыпшақ пен Мауереннахр жаулап алынғаннан кейін, Шағатай ұлысына берілген Мауереннахрды азаматтық тұрғыдан басқару осы елдің жергілікті салт-дәстүрді жақсы білетін адамы, М. Я-қа тапсырылды. Шағатай ұлысында болған түрлі талас-тартыстарға қарамастан, М. Я. әулеті 14 ғ-дың басына дейін Орта Азияның отырықшы өлкелеріндегі азаматтық басқаруды өз қолдарында ұстап тұрды. Тарихшы Жуайнидің айтуына қарағанда, М. Я. және оның баласы Масудбектің тұсында Мауереннахрдағы қалалардың экономикасы, мәдениеті мен ғылымы жедел өркендеген. Олар Шағатай ұлысының қаржы жүйесін тәртіпке келтіруде көптеген шараларды жүзеге асырған. Мөңке хан тұсында (1251 — 59) М. Я. моңғолдардың Қытайдағы даруғашысы болды.

Сілтемелер

  1. Қазақ Энциклопедиясы
  Бұл — мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Үйсін руы

  • Наурыз 29, 2026

    Сілтілік металдар

  • Сәуір 06, 2026

    Тұйықсу мұздығы

  • Сәуір 05, 2026

    Павлодар округі

  • Сәуір 06, 2026

    Шідерті өзені

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары