Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

38°26′ с. е. 56°17′ ш. б. / 38.433° с. е. 56.283° ш. б. / 38.433; 56.283 (G) (O) (Я)Координаттар: 38°26′ с. е. 56°17′ ш. б. / 38.433° с. е. 56.283° ш. б. / 38.4

Мақтұмқұлы (қала)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Мақтұмқұлы
түрікм. Magtymguly
Әкімшілігі
Ел

 Түрікменстан

Уәлаят

Балқан уәлаяты

Атырап

Мақтұмқұлы атырабы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

38°26′ с. е. 56°17′ ш. б. / 38.433° с. е. 56.283° ш. б. / 38.433; 56.283 (G) (O) (Я)Координаттар: 38°26′ с. е. 56°17′ ш. б. / 38.433° с. е. 56.283° ш. б. / 38.433; 56.283 (G) (O) (Я)

Бұрынғы атаулары

Кара-Кала

Қала статусы

2016

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

8 412 адам

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+993 248

Мақтұмқұлы картада
Мақтұмқұлы
Мақтұмқұлы

Мақтұмқұлы (түрікм. Magtymguly) — Түрікменстанның оңтүстік-батысындағы Балқан уәлаятындағы қала. Мақтұмқұлы атырабының әкімшілік орталығы. Қала халқының саны: 8 412 адам.

Географиялық сипаттамасы

Мақтымқұлы ауылы Балқан уәлаятының оңтүстік-шығысында, Копетдаг тауларының (тау жыныстарының ерекше түсіне байланысты Ай таулары деп аталады) оңтүстік сілемдерінің арасында, Сұмбар өзенінің аңғарында орналасқан. Құрғақ тропикалық климатқа қарамастан, таулар жазда солтүстіктің ыстық ауасынан, ал қыста суық ауа массаларынан аңғарды қорғайды.

Тарихы

Ежелгі уақытта ауылдың орнында Иранға баратын жолды бақылайтын Қара-Қала бекінісі болған. «Ескі бекініс» көбінесе Ганлы-Қала деп аталған, бұл «қанды бекініс» дегенді білдіреді, себебі түркімендер мен парсылар оны иелену үшін жиі аяусыз шайқасты. Кейінірек ол Қара-Қала (Қара бекініс) деп аталды, ал қазіргі атауы 2005 жылы осы аймақтың тумасы, 18 ғасырдағы түрікмен ақыны Мақтұмқұлының құрметіне берілген. Ауылда оған ескерткіш орнатылған. Қазіргі Мақтұмқұлының халқы негізінен түрікмен Гөклен және Нохурли руларынан шыққан. 2016 жылдың мамыр айында оған қала мәртебесі берілді.

Экономикасы және әлеуметтік нысандары

Мақтұмқұлы — тамақ және жеңіл өнеркәсіптері бар субтропикалық ауылшаруашылық аймағының орталығы. Бұл аймақ негізінен бау-бақша және мал шаруашылығымен айналысады. 1920 жылдары генетик және селекционер академик Николай Вавилов Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институты үшін субтропикалық дақылдардың тәжірибелік питомнигін құрды. Жеміс өсімдіктерінің алуан түрлілігімен ерекшеленетін жергілікті бақтар мен плантациялар мекннің мақтанышы болып табылады.

Мақтұмқұлы айналасындағы жоталар мен аңғарларды алып жатқан Сюнт-Хасардаг табиғи қорығының бас кеңсесі Мақтымқұлыда орналасқан. Ол 1977 жылы Копетдаг табиғи қорығының филиалы ретінде құрылған, бірақ екі жылдан кейін Батыс Копетдагтың бірегей экожүйелерін қорғайтын тәуелсіз қорыққа айналды.

Жоғары