Маңғыстау приставтығы – Маңғыстау түбіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік (1869 – 1881). Саяси-әкімшілік орталығы – Форт-Александровск. Маңғыстау приставтығының бірінші приставы жазалаушы подполковник Рукин болды.
| пристав | |
| Маңғыстау приставтығы | |
| Мангышлакский пристав | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | Орал облысы |
| Әкімшілік орталығы | Форт-Александровский |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 1868 |
| Таратылған уақыты | 1882 |
| Ресми тілдері | |
Тарихы
«Уақытша ереже» бойынша 1868 жылы Орал облысына бағынды уезд ретінде құрылды. 1870 жылы 20 ақпанда патша үкіметі Маңғыстау приставтығын Орынбор генерал-губернаторлығынан алып Кавказ әскери округі қарамағына берді. Сол жылы уезд аймағында Адай көтерілісі өтті. 1881 жылы 6 мамырдағы патша жарлығы бойынша Маңғыстау уезі болып аталып, алғашқы кезде Кавказ соғыс округіне, 1899 жылдан Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Закаспий облысына бағындырылды.
Географиясы
Маңғыстау приставтығына Бозащы түбегі, Үстірт жоны, Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Морской, Святой, Подгорный, Долгий, Орлов, Кирел (Жандауыр) аралдары кірді.
Халқы
Бұл жерлерді адай руының 20 мыңдай үйі мекендеген.