| Қала ішіндегі аудан | |||
| Медеу ауданы | |||
| |||
| Әкімшілігі | |||
|---|---|---|---|
| Қаласы | Алматы | ||
| Әкімі | Еркебұлан Нұрланұлы Оразалин | ||
| Аудан әкімдігінің мекенжайы | Алматы қаласы, Пушкин көшесі, №72 | ||
| Тарихы мен географиясы | |||
| Құрылған уақыты | 1936 жыл | ||
| Жер аумағы | 253,4 км² | ||
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
| Тұрғындары | |||
| Тұрғыны | 241 263 адам (2023) | ||
| Ұлттық құрамы | қазақтар (62,96%), орыстар (23,64%), ұйғырлар (3,85%), корейлер (1,52%), татарлар (1,48%), әзербайжандар (1,18%), басқалары (5,37%) | ||
| Сандық идентификаторлары | |||
| Телефон коды | +7 727 | ||
| Автомобиль коды | 02 | ||
|
| |||
Медеу ауданы — Алматы қаласының ең ірі әкімшілік, өндірістік және мәдени орталығы. Қаланың ең таңдаулы аудандарының бірі болып есептеледі. Ескі аты — Фрунзе ауданы. 1995 жылдан Медеу ауданы болып аталады.
Аудан шекаралары
Аудан шекарасы: Әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай Фурманов көшесінің шығыс жағын бойлай Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының оңтүстік жағын бойлай шығысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзенінің шығыс жағын бойлай солтүстікке қарай қала шекарасына дейін; қала шекарасын бойлай Көктөбе санаторийіне қарай апаратын жолмен қиылысына дейін әл-Фараби даңғылына дейін; әл-Фараби даңғылын бойлай солтүстік-шығысқа қарай Фурманов көшесіне дейін, Атырау, Думан, Көктөбе, Көктөбе-2, Жаңа Көктөбе, Бутаковка, Тау-Самал ықшамаудандарын, Алатау кентін, Медеу, Шымбұлақ шатқалдарын қоса алғанда.
Әкімдері
- Тұрарбек Асанов (1991-1997)
- Владимир Васильев (1997-2005)
- Василий Крылов (2005-2007)
- Махамбет Бейдәлі (2007-2010)
- Сұлтанбек Мәкежанов (2010-2016)
- Ержан Жылқыбаев (2016-2019)
- Сұлтанбек Мәкежанов (2019-2020)
- Әсет Масабаев (2020-2022)
- Еркебұлан Оразалин (2022 жылдан бастап)
- Алматы аудандары
