Меркі – Шу өзені алабындағы өзен.
| Меркі өзені | |
|---|---|
![]() Меркі өзенінің жоғарғы ағысы. | |
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 100 км |
| Су алабының ауданы | 645 км² |
| Су алабы | Шу өзені алабы |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Қырғыз Алатауы |
| • Координаттары | 42°27′25″ с. е. 73°22′23″ ш. б. / 42.45694° с. е. 73.37306° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Қорағаты өзені |
| • Координаттары | 43°10′58″ с. е. 73°10′28″ ш. б. / 43.18278° с. е. 73.17444° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°10′58″ с. е. 73°10′28″ ш. б. / 43.18278° с. е. 73.17444° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Жамбыл облысы Меркі ауданы |
Географиялық орны
Жамбыл облысы Меркі ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабының аумағы 645 км2.
Бастауы
Өзен Қырғыз Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Шемен ауылы тұсында Қорағаты өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Аңғары жоғарғы ағысында тар шатқалды, төменде кеңейеді. Мұздық, жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Бейсе бейітінен жоғары 2 км жерде 3,2 м3/с. Суы егін суаруға пайдаланылады.
