Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ми жүйкелері (ағылш. Cranial nerves) — 12 жүп жүйке болып мидың төменгі (адамда — алдыңғы) бетінен, бассүйектің тесіктері арқылы ми сауытынан шығады. Олардың 10

Ми жүйкелері

  • Басты бет
  • Ми жүйкелері

Ми жүйкелері (ағылш. Cranial nerves) — 12 жүп жүйке болып мидың төменгі (адамда — алдыңғы) бетінен, бассүйектің тесіктері арқылы ми сауытынан шығады. Олардың 10 жүбы (III-XII жүйкелер) ми діңгегінен бөлінеді.

Ми жүйкелері

Ми нервтері

Солжақ. Төменнен қарағандағы адам миы, ми жүйелерінің қайнары көрсетілген.
Оң жақ. фораминалы бассүйек тағаны қатары, онда көптеген жүйкелер бассүйектен шыққан.
Бас сүйегі тағанынан миға өтетін жүйкелер.
Латын тілі nervus cranialis
(pl: nervi craniales)

Ми жүйкелері қатарында:

  • 1) организмнің шеткі

жағынан басталып, түзілген жүйке тітіркенстерін ми орталықтарына өткізетін таза сезімтал ми жүйкелері (I жүп, иіс жүйкесі - nn. olfactorii — мұрын қуысындағы иіс сезімі мүшесіндегі нейроциттер аксондарынан түзіліп, иіс баданасында аяқталады; II жүп, көру жүйкесі — п. opticus — көздің торлы қабығының ганглионды нейроциттері аксондарынан түзіліп, аралық миға енеді; VIII жүп, тепетеңдік-есту жүйкесі — п. vestibulo-cochlearis — ішкі құлақтан басталады, есту және тепетеңцік түбіршіктердің қосылуынан түзіледі, сопақша ми ядроларында аяқталады);

  • 2) жүйке тітіркеністерін ми орталықтарынан шеттегі бұлшықеттерге жеткізетін таза қозғалтқыш ми жүйкелері (III жүп, көзқимыл жүйкесі — п.

oculomotoricus — ортаңғы мидың үлкен ми аяқшасынан шығып, көздің тік және қиғаш бұлшықеттері мен қабақтың бұлшықеттерін жүйкелендіреді; IV жүп, шығырлық жүйке — п. trochlearis — ортаңғы мидың үлкен ми аяқшасы мен ми көпірі аралығынан басталып, көздің жоғарғы қиғаш бұлшықетін жүйкелендіреді; VI жүп, әкеткіш жүйке - п. abducens — сопақша мидан шығып, көздің латеральды тік және көз алмасын тартқыш бұлшыкеттерін жүйкелендіреді; XI жүп, қосымша жүйкеп. accessorius — сопақша мидан шығып, трапеция тәрізді, иық-бас және төс-бас бұлшықеттерін жүйкелендіреді; XII жүп, тіласты жүйкесі - п. hypoglossus — сопақша мидан шығып, тіласты сүйектің бұлшықеттерін жүйкелендіреді) және 3) аралас ми жүйкелері (V жүп, үшкіл жүйке - п. trigeminus — жоғарғы (адамда - артқы) сезімтал және төменгі (адамда — алдыңғы) қозғалтқыш түбіршіктердің қосылуынан түзіледі, өз кезегінде: көздік, жоғарғыжақ және төменгіжақ жүйкелерге бөлінеді; VII жүп, бет жүйкесі - п. facialis — сопақша мидан шығып, қозғалтқыш жүйке талшықтары — бет бұлшықеттерін, сезімтал жүйке талшықтары тілдің үшы мен денесіндегі дәмсезімі емізікшелерін жүйкелендіреді, жүйке қүрамында сілекей бездеріне арналған парасимпатикалық жүйке талшықтары болады; IX жүп, тіл-жұтқыншақ жүйкесі — п. glossopharyngeu — сопақша мидан шығады, қозғалтқыш жүйке талшықтары жұтқыншақ қабырғасындағы бұлшықетті, ал сезімтал жүйке талшықтары тіл түбірі кілегейлі қабығындағы дәмсезімі емізікшелерін, тандай мен жұтқыншақ кілегейлі қабықтарын, жүйке құрамындағы парасимпатикалық жүйке талшық- тары шықшыт және ауыз қуысы қабырғалық сілекей бездерін жүйкелендіреді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Меркі ауданы

  • Сәуір 19, 2026

    Асылбек Сейітов

  • Сәуір 02, 2026

    1917 жыл

  • Сәуір 02, 2026

    Қара сөз

  • Сәуір 03, 2026

    Білге қаған

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары