Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Молдажан Жадайұлы (1879, Ақмола облысы Еңбекшілдер немесе Егіндікөл ауданы – 1958, сонда) – халық ақыны. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. 1916 жылы патша

Молдажан Жадайұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Молдажан Жадайұлы (1879, Ақмола облысы Еңбекшілдер немесе Егіндікөл ауданы – 1958, сонда) – халық ақыны. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. 1916 жылы патша жарлығына наразылығын білдіріп, Ерейментау өңірінде болған көтеріліске қатысқан. “1916 жыл оқиғасы” поэмасында осы ұлт-азаттық көтеріліс шынайы суреттелген. Оның “Бөгембай батыр”, “Сабалақ”, “Олжабай батыр” дастандары қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресіне арналған. Молдажан шығармалары ҚР ҰұА орталық ғылыми кітапханасының қорында сақтаулы.

Жоғары