| Молукка аралдары индон. Kepulauan Maluku | |
![]() | |
| Молукка аралдары ашық жасыл түспен белгіленген | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Аралдар саны | 1027 |
| Ірі аралы | Хальмахера |
| Жалпы ауданы | 74 505 км² |
| Ең биік нүктесі | 3027 м |
| Тұрғындар (2010 жыл) | 2 500 000 адам |
| Халық тығыздығы | 33,555 адам/км² |
| Орналасуы | |
| 3°09′ о. е. 129°23′ ш. б. / 3.150° о. е. 129.383° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 3°09′ о. е. 129°23′ ш. б. / 3.150° о. е. 129.383° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Акватория | Тынық мұхит |
| Ел | |
Молукка аралдары (индон. Kepulauan Maluku) — Малайя архипелагының шығыс бөлігіндегі аралдар тобы. Индонезия жерінде, Сулавеси, Жаңа Гвинея аралдарының аралығында орналасқан.
Ірі аралдары — Хальмахера, Серам, Буру. Молукка аралдары таулы (Серам аралындағы Биная тауының биіктігі 3019 м), сейсмикалық ауданға жатады. Вулкандар көп. Қалайы, алтын, мұнай кен орындары бар. Климаты экваторлық, субэкваторлық. Жазық бөлігінде бута, папоротник және аланг-аланг өсімдігі аралас өседі. Шығыс Азия мен Австралияға тән жануарлар түрлері кездеседі. Саго және кокос пальмасы, қалампыр ағашы, мускус жаңғағы, бұрыш өсіріледі. Басты қаласы және порты — Амбон.
- Алфавит бойынша топаралдар
- Индонезия аралдары
- Молукка аралдары
