| Морис Метерлинк | |
| Maurice Maeterlinck | |
| | |
| Туған кездегі есімі | Морис Полидор Мари Бернар Метерлинк |
|---|---|
| Туған күні | 29 тамыз 1862 |
| Туған жері | Гент, Бельгия |
| Қайтыс болған күні | 6 мамыр 1949 (86 жас) |
| Қайтыс болған жері | Ницца, Франция |
| Азаматтығы |
|
| Мансабы | ақын, драматург, философ |
| Шығармашылық жылдары | 1888—1949 |
| Бағыты | символизм |
| Сыйлықтары |
|
Морис Полидор Мари Бернар Метерлинк (фр. Maurice (Mooris) Polydore Marie Bernard Maeterlinck; 29 тамыз 1862, Гент — 6 мамыр 1949, Ницца) — бельгия жазушысы. Шығармаларының француз тілінде жазған. 1896 жылдан Францияда тұpды. 1889 жылы «Теплицалар» атты өлеңдер жинағы шықты. Алғашқы пьесаларында («Мален ханым», 1889; «Соқырлар», 1890) адамды жазмыштың құлы ретiнде бейнеледi. «Тентажильдің өлiмi» (1894), «Аглавена және Селизетта» (1896) пьесаларында тағдырға қарсы күресті суреттедi. «Даналық пен тағдыр» кiтабы этика және дүние таным мәcелесін қозғайтын эссе циклдерінің бастамасы болды. «Kөк құс» атты пьесасы (1905) Москваның МХТ-нда 1908 жылдан қойылып келеді. Мистикалық сарында жазылған «Өмip және Кеңістік» (1928). «Құдай алдында» (1937) атты трактаттары бар. 1940—1947 жылдары АҚШ-та болды. Оның гуманистік пьесалары дүние жүзi театрларының репертуарына енді. Нобель сыйлығын алған (1911).
- 29 тамызда туғандар
- 1862 жылы туғандар
- 6 мамырда қайтыс болғандар
- 1949 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша жазушылар
- Әдебиеттен Нобель сыйлығының иегерлері