Муромачи дәуірі немесе Муромачи кезеңі (室町時代 Мурочаи джидай), кейде Ашикага дәуірі немесе Ашикага кезеңі (足利時代 Ашикаги джидай) атымен белгілі, Жапония тарихындағы 1336-1573 жылдар аралығындағы билік құрылған уақыт атауы.1338 жылы самурай Ашикага Такауджи орнатқан бакуфу болатын.
Ашикага сегундарының соңғысы орнынан түсірілген кезеңде бакуфу атауы 1573 жылға дейін сақталды, Онин соғысы (1467-77) кезінде Ашикага үйі Жапония мемлекетін басқара алмай қалады. Айтарлықтай тәртіпсіздіктер мен толқуларға толы болғанына қарамастан, Муромачи кезеңі мәдениеттің жанданған дәуірі болды. Мәдени тұрғыдан кезең екі үлкен Китаяма және Хигашияма мәдениеттеріне жіктеуге болады. Бұл дәуірде дзэн-буддизм, но театры, көптеген әдеби жанрлар және суми-э (қытай стиліндегі бояумен салынған сурет) дамыған болатын.
Муромачидің алғашқы жылдары (1336-1392 жылдар аралығы) Солтүстік және оңтүстік тақ кезеңдері ретінде белгілі. Бұл уақытта Кенму қалпына келтіруін бастаған император Го Дайго мен оның жақтастарының қарсысыласуы кең таралды. Муромачи кезеңінің орнына Азучи-Момояма кезеңі (1568-1600) келіп, нәтижесінде Эдо кезеңі толықтай орнығады (1603-1867).
- Тарих