| Мұрат Болатұлы Бисенбин | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 11 қазан 1972 |
| Туған жері | Қызылорда, Қызылорда облысы, Қазақ КСР, КСРО |
| Қайтыс болған күні | 8 қаңтар 2026 (53 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақстан |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр, тележүргізуші |
| Белсенді жылдары | 2003—2024 |
Мұрат Болатұлы Бисенбин (11 қазан 1972 жыл, Қызылорда – 8 қаңтар 2026 жыл, Алматы) — қазақстандық актёр, тележүргізуші.
Өмірбаяны
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі. Мамандығы — инженер-электрик.
- 2000 — 2026 жылдары Алматы қаласында тұрған.
- 2001 жылдан 2024 жылға дейін киноға түсіп келген. Ең таңдаулы кейіпкерлері ресейлік «Параграф 78» фильмі мен режиссер Ақан Сатаевтың «Рэкетир» және «Ағайынды» фильмдерінде сомдалған. Бисембинге танымалдық алып келген «Рэкетир» фильмінен кейін көрермендер актерді әлі де аталмыш туындыдағы Руслан образымен байланыстырады.
- Актерліктен бөлек Мұрат бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысады. Кинодағы жұмысынан бөлек Қазақстандағы «Хабар» арнасындағы «Арена» спорттық бағдарламасы жүргізушілерінің бірі болған.
- Үйленген. 3 баласы болған.
Науқасы мен өлім
2024 жылғы күзде Мұрат Бисенбинге ұйқыбезі қатерлі ісігі диагнозы қойылып, ем қабылдаған. Денсаулығына байланысты актер жобалардан бас тартып, түсірілімдерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.2025 жылы желтоқсанның соңында актер инсульт алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оған дейін отбасы оның бірде жақсарып, бірде күрт нашарлап отырғанын, жағдайы тұрақсыз екенін айтқан еді. Мұрат Бисенбин ауруханадан шықпай, ем қабылдап жүрген. 2026 жылдың 8 қаңтар күні қара аурудан дүниеден озған.
Фильмдер тізімі
- Әрбір Голғофуға мінеді — 2003
- Рэкетир — 2007
- Ағайынды — 2009
- Сіз кімсіз, Ка мырза? — 2009
- Гаишниктер — 2010
- Рывок — 2010
- Қызғылт қоян туралы ертегі — 2010
- Бүкіл әлем алдымызда — 2012
- Брат или брак — 2017
- Брат или брак 2 — 2018
- Ең сұлу — 2018
- Томирис — 2019
- Мен мұндамын — 2019
- Тендер — 2020
- Аға — 2021
- 13 клиническая — 2022
- Пәтер: Астанадағы қорқыныш — 2022
- Амұр — 2024
- 11 қазанда туғандар
- 1972 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Қызылордада туғандар
- 8 қаңтарда қайтыс болғандар
- 2026 жылы қайтыс болғандар
- Соңғы жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- Қазақстан актерлері
- Қазақстан тележүргізушілері