Мұса Жәлел ([muˈsɑ ʑæˈlil]; Араб тілі: موسا ﺟﮫليل; Жаңәліп: Musa Çəlil; кирилше: Муса Җәлил; толық аты: Musa Mostafa ulı Cälilev, кирилше: Муса Мостафа улы Җәлилев; орысша: Муса Джалиль, Муса Мустафович Залялов; 1906 жылғы ақпанның 15 – 1944 жылғы тамыздың 25) — кеңес татар ақыны және қарсыласу күрескері. Ол кеңес үкіметінің екі ең жоғарғы марапатын: Кеңес Одағы Батыры атағын (жеке басының ерлігі үшін) және Ленин сыйлығын (Моабит дәптерлері шығармасы үшін) (екеуімен де қайтыс болғанынан кейін марапатталды).
Өмірінің бастапқы кезеңі
Мұса Жәлил Орынбор губерниясындағы Мустафино ауылында ескі заттарды сатумен айналысатын кәсіпшінің отбасында дүниеге келді. Ол Орынбордағы Хұсайния медресесін бітірген. Алғашқы өлеңдері революция тақырыбына арналды. Жәлилдің ең алғашқы еңбектерінен түркі ақындық өнеріне тән «аруз» дәстүрінің әсерін байқауға болады. 1919 жылы ол сол кездері ақтардың билігінде болған Орынбордың астыртын комсомол ұйымына мүше болды. Содан соң Жәлил азамат соғысына қатысты, бірақ жасы келмегендіктен майданда әскери қимылдарға қатысқан жоқ, ақтарды жақтайтын қарулы топтармен күресуге атсалысты. 1920 жылы Жәлил өзінің туған ауылына қайтып оралып, онда «Қызыл гүл» атты жас коммунист ұйымын ашты. Ол Мустафинода комсомол белсендісі болды. Губерниялық комсомол конференциясында өз ауылынан делегат болып барды. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мұса қатардағы жауынгер ретінде майданға аттанды. 1942 жылы немістердің қолына түсіп, концлагерьге, содан кейін Берлиндегі Плетцензее түрмесіне жіберілді. "Моабит дәптері" деп аңызға айналған ғажайып жырлары осы түрмеде дүниеге келеді. Ол екі өлең дәптерден тұрады. Біріншісінде 60, екіншісінде 33 өлең болған. Дәптердің бірін түрмеден босап, 1944 жылы Францияға жөнелтілген Ғаббас Шарипов деген тұтқынның Нығмет Тқреқұловқа береді. Ал Төреқұлов оны ақын еліне табыс етеді. Екінші дәптерді Мұсаның камералық досы бельгиялық Андре Таммерманс табыс етеді.
1944 жылы 25 ақпанда Плетцензее түрмесінде дарға асылды. 1956 жылы еленген ерлігі үшін, қайтыс болғанынан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы және Ленин орденімен марапатталды. Марапаты әйелі мен қызының қолына тапсырылды. Мұса Жәлел-татар халқының ұлттық ақын-қаһарманы, ақындық-батырлық нышаны.
Естелік
Астана қаласының Агроқалашық тұрғын алабында Мұса Жәлел атындағы көше орналасқан.
Тағы қараңыз
- Мұсағалиев Асхат Ерболатұлы
- Плөтцензее түрмесінде өлімге кесілгендер
- Басын кесу арқылы өлтірілгендер
- Үшінші Рейх өлімге кескендер
- Татар ақындары
- Кеңес ақындары
- 1906 жылы туғандар
- 1944 жылы қайтыс болғандар
- Соғыс хатшылары