Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мұхтар Бақтыгереев (15 маусым, 1933, Атырау — 11 маусым, 1999, Алматы) — актер, Қазақстанның халық артисі (1991).

Мұхтар Бақтыгереев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұхтар Бақтыгереев
Туған күні

15 маусым 1933 (1933-06-15)

Туған жері

Гурьев, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО

Қайтыс болған күні

11 маусым 1999 (1999-06-11)(65 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақстан

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақстан

Қызметі

актер

Белсенді жылдары

1954-1990

Марапаттары
IMDb

ID 0049092

Мұхтар Бақтыгереев (15 маусым, 1933, Атырау — 11 маусым, 1999, Алматы) — актер, Қазақстанның халық артисі (1991).

Өмірбаяны

Байұлы тайпасының Есентемір руынан шыққан.

  • Театрға деген құштарлық сезімі мектепте жүрген кезінен оянып, 15 жасында Атырау облысаралық драма театрына орналасады. Сонда жүріп Баймағамбет (Ғ. Мұстафиннің “Миллионерінде”), Қодар (Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлуында”), Петруччо (У. Шекспирдің “Асауға–тұсауында”), Аңдамас (М. Ақынжанов пен Қ. Қуанышбаевтың “Майрасында”) рөлдерімен назарға ілінеді.
  • Осы еңбектерінен актерге қажет еңбекқорлық, зеректік, әсершілдік қасиеттерді байқаған театр басшылары дарынды баланы Алматыға оқуға жібереді.
  • 1956 жылы Алматы театр училищесін бітіреді.
  • Сол жылдан бастап Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істейді.

Мұнда Ақын (Ж. Жұмахановтың “Қарагөз қарындасымында”), Асанбай (Ш. Хұсайыновтың “Біздің Ғаниында”), Қарасай (Б.Майлиннің “Шұғасында”), Құдияр (И. Байзақовтың “Ақбөпесінде”), Нұри (Н. Хикметтің “Әпендесінде”), Құнанбай (“Жас Абай” инсценировкасында), Осман (Р.Ғамзатовтың “Тау қызында”), Дәруіш (М. Кәрімнің “Ай тұтылған түнінде”), Клавдий (У. Шекспирдің “Гамлетінде”), Науан (Ғ.Мүсіреповтың “Ақан сері — Ақтоқтысында”), Ілияс (Ш. Айтматовтың “Арманым — Әселімінде”), Доғал (М. Әуезовтің “Алуасында” Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы, 1984), Мамаев (А.Островскийдің “Адам аласы ішіндесінде”), т.б. рөлдерді ойнайды. Бақтыгереев сомдаған Құнанбай, Науан, Қарасай образдары терең психология астарымен, сараң қимыл, сарабдал мінезімен есте қалады.

  • Бақтыгереев 60-тан астам киноға түсті, қазақ кинодубляжына белсене қатысты.
Мұхтар Бақтыгереев Мұхтар Әуезовтің «Алуа» спектакліндегі Доғал рөлінде
Мұхтар Бақтыгереев «Отырар ертен қирайды» спектакліндегі Қайыр хан рөлінде
Жоғары