Мұқыш Боштаев (1897 жыл, бұрынғы Семей облысы Павлодар уезі — 1921 жыл) — Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. А
Өмірбаяны
Арғын тайпасы Айдабол бөлімінен шыққан.
- Қазан университетінің заң факультетін бітірген (1917).
- Уақытша үкімет тұсында Павлодар уезінде сот төрағасы болды.
- Семей облысы қазақ комитетінің жұмыстарына белсенді түрде ат салысты.
- 1-жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына Алаш партиясы атынан депутаттыққа ұсынылды.
- 2-жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрамына мүшелікке кандидат болып сайланған.
Санаттар:
- 1897 жылы туғандар
- Баянауыл ауданында туғандар
- 1921 жылы қайтыс болғандар
- Алаш қозғалысы мүшелері
- Қазақстан заңгерлері
- Қазақстан судьялары
- Алаш Орда қайраткерлері
- Қазан университеті түлектері