Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мәди Хасенов(01.12.1936, Ақмола облысы Зеренді ауданы Қошқарбай ауылы – 1992, Ақмола) – жазушы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1971). Қазақстанның еңбек с

Мәди Хасенов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мәди Хасенов(01.12.1936, Ақмола облысы Зеренді ауданы Қошқарбай ауылы – 1992, Ақмола) – жазушы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1971). Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978). Лақап аты — Зерендин.

Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан.

Көкшетау педагогика училищесін (1954), ҚазМУ-ды (1961) бітірген. 1961 жылдан Целиноград қаласындағы «Тың өлкесі» газетінде, 1966 жылдан «Коммунизм нұры» газетінде қызмет атқарған.

  • «Алғашқы ән» (1969),
  • «Тұлпардың дүбірі» (1971),
  • «Қайсар» (1979),
  • «Тайталас» (1987) әңгімелер жинағы,
  • «Нар тәуекел» (1975) романы,
  • «Берлинді алған батырлар» (1977),
  • «Қайнар бұлақ» (1984) прозалары жарық көрген.
Жоғары