| Мәжит Сапарғалиұлы Бегалин | |
| |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 22 ақпан 1922 |
| Туған жері | қазіргі Дегелең, Абай ауданы (Абай облысы), Абай облысы |
| Қайтыс болған күні | 5 мамыр 1978 (56 жас) |
| Қайтыс болған жері | Мәскеу |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | режиссёр |
| Белсенді жылдары | 1955—1975 |
Мәжит Сапарғалиұлы Бегалин (22 ақпан 1922, қазіргі абай облысы, Абай ауданы, Дегелең а. - 5 мамыр 1978, Мәскеу) — кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қаракесек руының Байбөрі бөлімінен шыққан.
1948 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген.
1950 - 1978 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында режисер болып, өз замандастары туралы "Бұл Шұғылада болған еді" (1955), "Жерге қайта М.Бегалинның оралуы" (1959), "Тұлпардың ізі" (1964) көркем фильмдерді қойды.
Ш. Уәлиханов туралы "Оның күні туады" (1957), Б. Момышұлы жайында "Артымызда Мәскеу" сценарий авторы (1967).
1968 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өткен Орта Азия мен Қазақстан кино өнері байқауының бас жүлдесі мен 1- дәрежелі дипломы иегері.
М. Мәметова туралы "Мәншүк туралы баллада" (1969) секілді тарихи-ғұмырнамалық фильмі Бегалиннің режиссерлік шеберлігін танытты.
1970 ж. Минск қаласында өткен Бүкілодақтық кинобәйгедегі КСРО Қорғаныс минстрлігінің бас жүлдесі иегері.
Ресми шығармашылығы туралы "Мажит Бегалин" атты деректі фильм (1981) түсірілген.
Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған.
Фильмографиясы
Актер ретінде
- 1971 - Он төртінші параллельдегі түн - Кхам Бут
Режиссер ретінде
- 1955 - Бұл Шұғылада болған еді
- 1957 - Оның уақыты келеді
- 1958 - Жерге оралу
- 1964 - Тұлпардың ізі
- 1967 - Ел басына күн туса (фильм)
- 1969 - Мәншүк туралы ән
- 1975 - Дала гүрсілі
Сценарист ретінде
- 1967 - Ел басына күн туса (фильм)
- 1975 - Дала гүрсілі
Әдебиеттері
Мэтр. Мажит Бегалин туралы естеліктер, Астана, 2002 (қазақ, орыс тілдерінде).
- 22 ақпанда туғандар
- 1922 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Абай ауданында (Абай облысы) туғандар
- 5 мамырда қайтыс болғандар
- 1978 жылы қайтыс болғандар
- Мәскеуде қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша кинорежиссёрлер
- КСРО кинорежиссёрлері
- Қазақстан кинорежиссёрлері
- Қазақстан актерлері
