Мәт – Боқсық өзенінің оң саласы.
| Мәт өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 29 км |
| Су алабы | Боқсық өзені |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Карамышевка ауылының шығысы |
| • Координаттары | 52°21′03″ с. е. 69°55′07″ ш. б. / 52.35083° с. е. 69.91861° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Боқсық өзені |
| • Координаттары | 52°11′35″ с. е. 70°08′01″ ш. б. / 52.19306° с. е. 70.13361° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°11′35″ с. е. 70°08′01″ ш. б. / 52.19306° с. е. 70.13361° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Ақмола облысы Бұланды ауданы |
Географиялық орны
Ақмола облысы Бұланды ауданы жерімен ағады.
Бастауы
Карамышевка ауылының шығысына қарай 3 км жерден бастау алады. Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 200 км жерде Боқсық өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 29 км. Жалпы ұзындығы 16 км болатын 7 ұсақ салалары бар. Суайрығының жер бедері көлбеулі аккумулятті-денудациялық жазық. Аңғары нашар байқалады, жайылмасы жоқ. Жазда қарасуларға бөлініп қалады.
Өсімдігі
Карбонатты қара топырағында қызыл қаулы-бетеге аралас әр түрлі шөптесін өсімдіктер өседі. Жақын жерлердегі шаруашылықтарды суғаруға пайдаланылады.