Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Наталья Өтеуліқызы Арынбасарова (24 қыркүйек 1946 жылы туған, Мәскеу) — киноактриса, Ресейдің (1979), Қазақстанның (1997) еңбек сіңірген артисі

Наталья Арынбасарова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Наталья Аринбасарова
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

24 қыркүйек 1946 (1946-09-24)(79 жас)

Туған жері

Мәскеу

Азаматтығы

 КСРО
 Ресей

Мамандығы

актриса

Белсенді жылдары

1965 жылдан бастап

Бағыты

социалистік реализм

Марапаттары
IMDb

ID 0034848

Наталья Өтеуліқызы Арынбасарова (24 қыркүйек 1946 жылы туған, Мәскеу) — киноактриса, Ресейдің (1979), Қазақстанның (1997) еңбек сіңірген артисі

Өмірбаяны

1964 ж. Мәскеу хореографиялық училищесін, 1971 ж. ВГИК-тің актерлік факультетін (С.А. Герасимов пен Т.Ф. Макарованың шеберханасы бойынша) бітірді.

1964 ж. “Қырғызфильм” киностудиясы түсірген “Алғашқы мұғалім” фильміндегі басты рөл — Алтынаймен кинодағы жолын бастады.

1966 ж. Венецияда өткен халықаралық кинофестивальда рөлі ең үздік әйел бейнесін жасағаны үшін берілетін бас жүлдеге ие болды.

1969 ж. “Мәншүк туралы ән” (Мәншүк Мәметова, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1970) және “Жәмилә” фильмдерінде басты рөлдерді ойнады.

Жеке өмірі

Бірінші некесі (1964—1969) — Андрей Михалков-Кончаловский (20 тамыз 1937 туғ.) кинорежиссер, РКФСР халық әртісі (1980). Ұлы — Егор Кончаловский (шын аты Георгий Михалков) (15 қаңтар 1966 туғ.), режиссер, продюсер.

Екінші некесі (1970—1980) — Николай Двигубский (1936—2008), қоюшы-суретші, көркем суретші (Андрей Кончаловскийдің фильмдерінде жұмыс істеген). Қызы — Екатерина Двигубская (1974 туғ.), кинорежиссер және жазушы. 1980 жылы олар ажырасты - Двигубский Францияға оралды.

Үшінші неке (тіркелмеген) (1982—1998) — Елдар Мұхаммедұлы Оразбаев (1940—2012), кинорежиссер, РФ еңбегі сіңген қайраткер (1998).

Рөлдері және марапаттары

Арынбасарова” (1969, Катя Олзоева), “Нан дәмі” (1979, Кәмшат Сатаева; КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1980), “Қаралы сұлу” (1982, Қарагөз), “Сүйрік” (1984) т.б. фильмдеріне түсті.

Арынбасарова КСРО Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978).

Жоғары