Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Нияз Сыздықов (25.10.1925, Солтүстік Қазақстан облысы бұрынғы Ленин ауданы Еңбек а. - 4.7.2000) - жазушы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет кызмет

Нияз Сыздықов

  • Басты бет
  • Нияз Сыздықов

Нияз Сыздықов (25.10.1925, Солтүстік Қазақстан облысы бұрынғы Ленин ауданы Еңбек а. - 4.7.2000) - жазушы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет кызметкері (1983).

ҚазҰУ-ды бітірген. 1946 ж. Солтүстік Қазақстан облыстық "Ленин туы" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, кейіннен редактордың орынбасары болып қызмет атқарған. Талдықорған облысы "Советтік Жетісу" және Алматы облыстық "Коммунизм таңы" газеттерінде жауапты хатшы болды. 1962 - 1968 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің үгіт және насихат бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, Қазақ энциклопедиясы бас редакциясында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1972 жылдан зейнеткерлікке шыкканға дейін Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы институтында кызмет еткен.

"Құрмет белгісі" орденімен, Қазақстан Жоғарғы Кенесінің грамотасымен, Құрмет грамотасымен, медальдарымен марапатталған. Орыс жазушылары С.Смирнов, Т.Томаш, О.Гончар, Ю.Бондарев, Л.Н. Толстой, Ф.Достоевский роман, повестерін қазақ тіліне аударған.

Аудармалары: С.Смирнов. Брест қамалы. Повесть. А., «Жазушы», 1965; Т. Томаш. Таң арайы. Роман. А., «Жазушы», 1967; О.Гончар. Арай. Роман. А., «Жазушы» 1973; Ю.Бондарев. Жағалау. Роман. А., «Жазушы», 1976; Л.Н. Толстой. Аршынала. Повесть. А., «Жазушы», 1979; Ф.Достоевский. Нақұрыс. Роман. А., «Жазушы», 1984.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Қазақстан президенті

  • Сәуір 02, 2026

    Луи Пастер

  • Сәуір 09, 2026

    Нұрлыбек Баймұратов

  • Наурыз 10, 2026

    Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин

  • Сәуір 08, 2026

    Орта мектеп

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары