Нұрымбек Жанділдин (1918 тамыздың 20, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы - 1990 жылы, Алматы қаласы) – философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967). Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1970).
Қысқаша өмірбаяны
Үлгі:InfoboxАрғын тайпасының Қаракесек руының Шаншар бөлімінн шыққан.
- 1941 - Қазақ педагогика гимназиясын бітірген.
- 1941–43 - Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы партия коммитетінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
- 1944–46 - БК(б)П ОК Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, содан кейін БК(б)П ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты болды.
- 1949 ж. - Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебінің аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі;
- 1951–55 - Қазақстан КП ОК-нің ғылыми және жоғары оқу орындары бөлімінің меңгерушісі;
- 1955 ж. - Қазақстан ҒА философия және құқық секторының меңгерушісі;
- 1956 ж. - Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры;
- 1957–65 - Қазақстан КП ОК-нің хатшысы және бюро мүшесі;
- 1965–67 - Қазақстан ғылым академиясының академик-хатшысы;
- 1967–76 - Алматы педагогика шет тілдер институтының ректоры қызметтерін атқарды.
- 1976 жылдан - өмірінің соңына дейін Алматы темір жол көлік инженерлері институтының (қазіргі Қазақ көлік және коммуникация академиясы) кафедра меңгерушісі болды.
Еңбектері
- 196] ж. «Развитие национальных отношений в КСРО» (Доклад по совокупности опубликованных работ) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми еңбектері тарихи прогресс, ұлттық қатынастар мен ұлт мәдениетін дамыту, ұлттық психология мәселелеріне арналған.
Шығармалары
- "Советтік Қазақстанда мәдениет пен ғылымның гүлденуі", 1956;
- "Природа национальной психологии", 1971;
- "Монолитное единство", 1976.
"Еңбек Қызыл Ту" орденімен және медальдармен марапатталған.
Сілтемелер
БІРІНШІ ХАТШЫДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ(қолжетпейтін сілтеме)
Санаттар:
- 1918 жылы туғандар
- Қазыбек би ауданында (Қарағанды) туғандар
- 1990 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақстан философтары
- КСРО философтары
- Философия ғылымдарының докторлары
- Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшелері
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясы түлектері
- КСРО Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары