Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Орал уезі – “Дала облыстарын басқару жөніндегі Ережеге” сәйкес 1869 жылы желтоқсанда Орал облысында құрылған әкімшілік-аумақтық бөлік. Халқының саны 223 мың 717

Орал уезі

  • Басты бет
  • Орал уезі

Орал уезі – “Дала облыстарын басқару жөніндегі Ережеге” сәйкес 1869 жылы желтоқсанда Орал облысында құрылған әкімшілік-аумақтық бөлік. Халқының саны 223 мың 717 адам болды. Орал уезі Жайық өзенінің екі жақ алқабында орналасты, оң жағында қазақ-орыс әскерлері, сол жағында қазақтар тұрды. Халқының тығыздығы жағынан Орал облысында 1-ші орын алды. Қазақ-орыстар негізінен балық аулаумен, егін шаруашылығымен, ал қазақтар мал өсірумен, ішінара егіншілікпен айналысты. Уезд жерінің 2,1%-ы ғана егіншілікке пайдаланылды. Орал уезінде 1367 жұмысшысы бар шағын 466 зауыт және диірмен болды. Бақша өсіру өркендей бастады, айналымдағы ақша қоры 1 млн. сомға жуықтайтын Петровский, Воздвиженский, Калмыковский және Орал жәрмеңкелері жұмыс істеді.

Батыс Қазақстан облысы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 13, 2026

    Қадыр Мырза Әлі

  • Наурыз 21, 2026

    Химиялық элементтер

  • Наурыз 29, 2026

    Ас қорыту жүйесі

  • Сәуір 02, 2026

    Кембрий кезеңі

  • Сәуір 04, 2026

    Тұйық етістік

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары