
Орталық процессор (центральный процессор; central processor unit) —
1) компьютердің негізгі жұмыстық элементі. Әдетте, оның құрамына арифметикалық- логикалық құрылғы мен басқару құрылғысы, ал кейде алғашқы жад кіреді. Есептеуіш жүйенің қызметі үлестірілген және дербес болған сайын бұл терминнің түсіндірмесі кеңейе түседі;

2) процессор мен арифметикалық қосалқы процессоры бар блок;
3) барлық есептеу операциясын және ақпаратты қайта өңдеуді жүзеге асыратын дербес компьютердің бас құрылғысы;
4) бір немесе бірнеше үлкен немесе аса үлкен интегралдық схема түріндегі, ақпаратты өңдеуге арналған программалық басқару құрылғысы;
5) берілген есептеуіш жүйеде негізгі қызметі мәліметтер өңдеуді және осы жүйенің басқа бөліктерінің жұмысын басқаруды орындайтын процессор. Ол басқару құрылғысынан, арифметикалық логикалық құрылғыдан және процессорлық жадтан тұрады.
Орталық процессор циклі
Орталық процессор циклі (Цикл центрального процессора; central processing unit cycle) — бір қарапайым машиналық команданы таңдау мен орындау (Мысалы, қосу немесе азайту) үшін талап етілетін уақыт. Орталық процессордың есептеуіш жүйені сипаттайтын көптеген параметрлерінің бірі.

- Ақпараттану
- Компьютерлік техника