Орта бөлік — 1824 жылы Кіші жүзде хандық билік жойылғаннан кейін енгізілген әкімшілік басқару жүйесі.
| Жартылай автономды аймақ | |
| Кіші жүздің орта бөлігі | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Билеуші-сұлтан | Алғашқы: Темір сұлтан |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 1824 |
| Таратылған уақыты | 1 қаңтар 1869 |
| Мирасқорлық | |
Орта бөлік шығыста Тобыл, Тоғызақ, Әйет өзендерінің жоғарғы ағыстары, батыста Елек, Темір өзендері мен Арал теңізіне дейінгі жерлерді қамтыды. Орта бөлікті Орынбордың әскери губернаторы тағайындаған сұлтан басқарды. 1831 жылы Кіші жүзде басқарудың сатылық жүйесі енгізілгеннен кейін, Орта бөлік 20 сатыға бөлінді. Орта бөлік жерінде 1856 жылы жағалбайлы, табын, шекті, қаракесек, қаракете, жаппас, уақ, керей, алтын, кердері руларынан 43 300-ден аса түтін болды. Орта бөлік 1869 жылы Қазақстанда “Уақытша ереже” бойынша жаңа әкімшілік жүйе енгізілгенге дейін сақталды.
Сұлтан-билеушілер:
- Темір Ералыұлы (1824-1825)
- Медетқали Тұрдалұлы (1825-1828)
- Мата Мұхаммедқалиұлы (1828-1829)
- Жүсіп Нұралыұлы (1829-1841)
- Арыстан Жантөреұлы (1841-1855)
- Мұхаммеджан Баймұхамедұлы (1855-1869)