
Орта сызық – 1) үшбұрыштың Орта сызықты – үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын кесінді (үшінші қабырғасы табаны деп аталады). Үшбұрыштың Орта сызықты табанына параллель және оның жартысына тең; Орта сызық арқылы бөлінген үшбұрыш бөліктерінің ауданы 1:3 қатынасындай болады; 2) трапецияның Орта сызықты – оның бүйір қабырғаларының ортасын қосатын кесінді. Ол трапецияның табандарына параллель және олардың қосындыларының жартысына тең.
Санат:
- Үшбұрыш геометриясы