Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Дене тұрқы 53 – 69 см, салмағы 3,5 – 5,8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығын

Ор қоян

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ор қоян

Амандық күйі
Сурет:Status IUCN LC.svg
Least Concern (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Қоянтәрізділер
Тұқымдасы: Қоян
Тегі: Lepus
Түрі: L. europaeus
Екі-есімді атауы
Lepus europaeus
Pallas, 1778
European Hare range(dark red - native, red - introduced)
European Hare range
(dark red - native, red - introduced)

Ор қоян (лат. Lepus europaeus) – қоян туысының бір түрі, қояндардың ішіндегі ең ірісі.


Дене тұрқы 53 – 69 см, салмағы 3,5 – 5,8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында таралған. Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Іні су жағалауларында, бұталардың түбінде, орманның жиегінде болады. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде 3 рет (44 – 46 күнде бір рет), 3 – 9 көжектен туады. Денесін қалың түк басқан, көжегі – көзі ашық, ширақ болып туады, бірден жүріп кетеді. 12 жылдай тіршілік етеді. Өсімдікпен қоректенеді. Көбейіп кетсе бау-бақшаға зиян келтіреді. Сондай-ақ, туляремия ауруын таратады. Ор қоян еті, терісі үшін ауланады.

Жоғары