| Пау Кубарси | ||||||||||||||||
| сурет | ||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Толық аты | Пау Кубарси Паредес | |||||||||||||||
| Туған күні | 22 қаңтар 2007 (19 жас) | |||||||||||||||
| Туған жері | Бескано, Испания | |||||||||||||||
| Азаматтығы |
| |||||||||||||||
| Бойы | 184 | |||||||||||||||
| Позиция | қорғаушы | |||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||
| Клуб |
| |||||||||||||||
| Номері | 2 | |||||||||||||||
| ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Пау Кубарси Паредес (ис. Pau Cubarsí Paredes; 22 қаңтар 2007, Бескано, Испания) — испан футболшысы, «Барселона» клубының қорғаушысы.
Жеке өмірі
Пау Кубарси Паредес Каталонияның Жирона провинциясындағы Бескано қаласынан шыққан.
Кубарси каталан тілінде сөйлейді. 2024 жылы Олимпиада ойындарында Испания құрамасының сапында ойнаған кезде, ол сұхбаттарға сирек қатысатынын айтты, себебі испан тілінде еркін сөйлей алмайды. Ол тек Каталонияда тұрып, өмір бойы ана тілін ғана қолданған.
Мансабы
Клубтық мансабы
Кубарси өз мансабын Жирона клубында бастады, ал 2018 жылы Барселонаға ауысады.
2023 жылдың сәуірінде Кубарси бас бапкер Хавидің шақыртуымен алғаш рет негізгі құраммен жаттығу өткізді. 8 шілдеде, ол клубпен алғашқы кәсіби келісімшартқа қол қойды. 2023–24 маусымының алдында Барселонаның құрама тізіміне енгізілді.
2024 жылдың 18 қаңтарында Кубарси Унионистас де Саламанка клубына қарсы Испания кубогы ойынында негізгі командада дебют жасады.
2024 жылы 12 наурызда Кубарси Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының екінші ойынында Наполиге қарсы алаңға шығып, турнирдің плей-офф кезеңінде 17 жас 50 күнде дебют жасаған ең жас ойыншы атанды. Осылайша, ол Баварияның бұрынғы қорғаушысы Давид Алабаның 17 жас 258 күндегі рекордын жаңартты.
2024 жылдың 10 сәуірінде Кубарси 17 жас 79 күнінде Чемпиондар Лигасының ширек финалында негізгі құрамда шыққан ең жас қорғаушы атанып, ЦСКА Мәскеу ойыншысы Георгий Щенниковтың рекордын жаңартты.
2024 жылы 9 мамырда Барселона Кубарсимен келісімшартты 2027 жылдың 30 маусымына дейін ұзартқанын жариялады.
Ұлттық құрама сапында
Кубарси Испанияның 15 жасқа дейінгі және 17 жасқа дейінгі құрамаларының сапында өнер көрсетті.[16] 2024 жылдың наурыз айында оны бас бапкер Луис де ла Фуэнте алғаш рет Испанияның негізгі құрамасына шақырып, Колумбиямен өткен жолдастық матчта дебют жасады (0:1 есебімен жеңіліс). Ол 83-минутта Эмерик Ляпорттың орнына алаңға шығып, Испания құрамында ойнаған ең жас қорғаушы атанды.
2024 жылы 27 мамырда Кубарси УЕФА Еуро-2024 турниріне арналған 29 ойыншыдан тұратын алдын ала құрамға енді. Алайда, 7 маусымда турнир басталар алдында ол құрамға еңгізілмеді.
Жетістіктері
Командалық
«Барселона»
- Испания чемпионы: 2024/25
- Испания кубогы: 2024/25
- Испания суперкубогы: 2025
Ұлттық құрама
«Испания U23»
- Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 2024
- 22 қаңтарда туғандар
- 2007 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Испания футболшылары
- Барселона ФК ойыншылары