Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Райым бекінісі – әскери бекініс. 1847 жылы Сырдарияның Арал теңізіне құяр сағасына жақын жердегі Райым шатқалына патшалық Ресей салдырған.

Райым бекінісі

  • Басты бет
  • Райым бекінісі

Райым бекінісі – әскери бекініс. 1847 жылы Сырдарияның Арал теңізіне құяр сағасына жақын жердегі Райым шатқалына патшалық Ресей салдырған.

Райым бекінісі алғашқы кезде 954 адамнан құрылған гарнизоннан тұрды. Бекіністі салуға жергілікті халық мәжбүрлеу арқылы жұмылдырылды. Патша өкіметі Райым бекінісін салуда сауда керуендерін тонаушылардан қорғау дегенді желеу етті. Ал, шын мәнінде, Райым бекінісінің салынуы Ресейдің Хиуа хандығына қыр көрсетуі әрі Түркістан аймағын отарлауға жасаған алғашқы қадамы еді. Хиуа хандығы Сырдария бойында Райым бекінісі секілді орыс әскери бекіністерінің салынуына қарсылығын оның төңірегіндегі қазақтарды талап-тонаумен білдірді. Бірақ әскери күші басым Ресей империясы Райым бекінісінің негізін қалаған соң, Арал теңізі мен Сырдария өңіріне өз ықпалын жүргізе бастады, орыс көпестерінің хиуалықтарға баж салығын төлеуін тоқтатты.

Райым бекінісі 1851 жылы Арал бекінісі деп аталды, ал 1855 жылы таратылып, онда қоныс тепкен казак-орыстар фортқа (кейін Қазалыға) көшірілді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Маусым 05, 2026

    Ларри Пейдж

  • Сәуір 06, 2026

    Томас Гоббс

  • Мамыр 15, 2026

    Ұлыбритания патшасы

  • Маусым 20, 2026

    Мулен (Алье)

  • Маусым 07, 2026

    Бөлшек сауда

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары