Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Рахметолда Сәлменов (1 қаңтар 1900, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы - 5 қаңтар 1970, Алматы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1966).

Рахметолда Сәлменов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Рахметолда Сәлменов
Жалпы мағлұмат
Туған күні

1 қаңтар 1900 (1900-01-01)

Туған жері

Қарқаралы ауданы, Семей облысы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

5 қаңтар 1970 (1970-01-05)(70 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақ КСР, КСРО

Азаматтығы

 КСРО
РКФСР (1917-1922)
Ресей империясы (1905-1917)

Мамандығы

актёр

Белсенді жылдары

1938-1966

Рахметолда Сәлменов (1 қаңтар 1900, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы - 5 қаңтар 1970, Алматы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1966).

Өмірбаяны

1930-1934 ж. кен өндіретін жерде, т.б. әр түрлі жұмыстар жасады.

1935 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрында, сонымен қатар қазақ опера және балет театрында (1935- 39) қызмет етті.

1936 ж. Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Гастрольдік сапармен Қазақ академиялық драма театрының құрамында Қазан, Уфада өнер көрсетті.

Ойнаған рөлдері

Негізгі рольдері: Көкбай, Кобей, Есен, Жарылғап (М.Әуезовтің "Абай", "Енлік - Кебек", пен "Қарагозінде"), Қарабай, Қарасақал, Балта (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ақан сері - Актоқтысында"), Сабатай (Ш.Құсайыновтың "Марабайында"), Жекшенқұл (Ш.Айтматовтың "Ана - Жер-анасы" бойынша), т.б. 1938 жылдан киноға түскен: Серік ("Амангелдіде"), Еркінбай ("Әзілшыны араласта", 1963), Базарбай ("Алдар көседе", 1964), т.б.

Фильмографиясы

  • 1938 - Амангелді - Серке
  • 1958 - Біз - Жетісуданбыз - Қарабай
  • 1960 - Бір ауданда - Сұлтанқұлов
  • 1961 - Алёнка - сатушы
  • 1963 - Әрі қалжың, әрі шын - Еркімбай
  • 1963 - Менің атым Қожа - колхозшы
  • 1964 - Алдар көсе - Жуанбай
  • 1964 - Тұлпардың ізі - Жаухаздың әкесі
  • 1966 - Ата-бабалар жері - эпизод
  • 1966 - Ән қанатында - газета редакторы
  • 1966 - Менің арманым - Сапардың ағасы

Марапаттары

"Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.

Жоғары