| Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы орыс. Председатель Правительства Российской Федерации | |
| |
Лауазымды иеленуші Михаил Мишустин 16 қаңтар 2020 жылдан бастап | |
|---|---|
| Басқару түрі | Аралас федерация (де-юре) |
| Ресми резиденциясы | Мәскеу Кремлі, Сенат сарайы, Үлкен Кремльдік сарайы (шерулік резиденция) |
| Кандидатураны ұсынады | |
| Өкілеттігінің мерзімі | үздіксіз, бір мерзімі 6 жыл |
| Лауазым пайда болды | 1992 жыл |
| Сайты | |
Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы (орыс. Председатель Правительства Российской Федерации) — «Ресей Федерациясының Үкіметі туралы» 24-Федералдық конституциялық заң бойынша Ресей үкіметінің басшысы, оның негізгі қызметін анықтайды және оның жұмысын ұйымдастырады.
Құқығы және міндеті

Жалпы алғанда, премьер-министр министрлер кабинетінің мүшелерін тағайындап, президент тұжырымдаған ішкі және сыртқы саясатты толығымен жүзеге асыруға жетекшілік ететін әкімшілік рөлді атқарады. «Ресей Федерациясының Үкіметі туралы» федералдық конституциялық заңға сәйкес Премьер-Министр келесі міндеттерді жүзеге асырады:
- Үкіметтің жұмысының орындалуын анықтайды және оның жұмысын Конституцияға, федералдық конституциялық заңдарға, федералдық заңдарға және президент жарлықтарына сәйкес ұйымдастырады;
- Президентке атқарушы биліктің орталық институттарының (мысалы, министрліктер мен федералдық агенттіктер) құрылымы мен функциялары туралы ұсыныстар енгізеді;
- Вице-премьерлерді, федералды министрлерді және басқа лауазымды тұлғаларды ұсынады және оларды президентке ұсынады;
- Президентке үкімет мүшелерін жазалау және марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;
- Сыртқы қатынастарда және ел ішінде мекеме ретінде үкіметтің өкілі рөлін атқарады;
- Өзі шешуші дауыс құқығы бар үкіметтің және оның Президиумының отырыстарын басқарады;
- Үкімет шешімдерін бекіту мақсатында оларға қолын қояды;
- Жыл сайын Мемлекеттік думаға үкіметтің қызметі жайлы есеп береді;
- Үкімет мүшелері арасында міндеттерді бөледі;
- Үкіметтің қызметі жайлы президентті хабардар етеді;
Премьер-министр осы ұйымдардың ex officio мүшесі болып табылады:
- Ресей Қауіпсіздік Кеңесі;
- ТМД мемлекет басшыларының кеңесі;
- Ресей мен Беларусь Одағының Жоғарғы Мемлекеттік Кеңесі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымының Үкімет басшыларының кеңесі;
- Еуразия экономикалық қауымдастығының үкіметаралық кеңесі.
Қызметке қабылдануы
Бастапқыда премьер-министрді Ресей императоры Мемлекеттік Думаның келісімінсіз тағайындайтын.
Кеңес дәуірінде РКФСР премьер-министрін әр сайлаудан кейін Жоғарғы Кеңес тағайындайтын.
Қазіргі уақытта премьер-министрді Мемлекеттік Думаның келісімімен Ресей президенті тағайындайды.
Қызметінен босатылуы
Премьер-министрді президент кез келген уақытта өз қалауы бойынша қызметінен босата алады. Премьер-министр сондай-ақ өз шешімі бойынша президентке отставкаға кету туралы өтініш бере алады. Президент мұндай отставкадан бас тартып, оны жұмысын жалғастыруға міндеттеуіне құқылы. Премьер-министр мен бүкіл үкімет конституция бойынша жаңадан сайланған президент инаугурациясынан кейін отставкаға кетуге міндетті. Президент үкімет, не премьерді сақтап қалуға құқылы.
Президенттің міндетін атқарушысы ретінде

Президент қайтыс болған, отставкаға кеткен немесе оған импичмент жарияланған жағдайда премьер-министр үш ай ішінде өтетін жаңа президенттік сайлауға дейін елдің уақытша президенті болады. Уақытша президент болған премьер Мемлекеттік Думаны тарата алмайды, референдум жариялай алмайды және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсына алмайды.
Ресей Конституциясында егер премьер-министр тағайындалмаса немесе өз міндеттерін атқара алмаса, президенттің міндетін кім атқаратыны нақты көрсетілмеген.
Төрағалар тізімі
Төменде 1991 жылдан бергі Ресей үкіметі төрағаларының тізімі берілген. Премьер міндетін атқарушылары «м. а.» белгіленген.
| № | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) | Премьерлігі | Партиясы | Президент | |
|---|---|---|---|---|---|---|
| м. а. | ![]() | Борис Николаевич Ельцин (1931—2007) | 6 қараша 1991 | 15 маусым 1992 | Партиясыз | Борис Ельцин![]() (1991–2000) |
| м. а. | ![]() | Егор Тимурович Гайдар (1956—2009) | 15 маусым 1992 | 15 желтоқсан 1992 | Партиясыз | |
| 1 | ![]() | Виктор Степанович Черномырдин (1938—2010) | 14 желтоқсан 1992 | 23 наурыз 1998 | Үйіміз — Ресей | |
| м. а. | ![]() | Сергей Владиленович Кириенко (1962 туған) | 23 наурыз 1998 | 24 сәуір 1998 | партиясыз | |
| 2 | 24 сәуір 1998 | 23 тамыз 1998 | ||||
| м. а. | ![]() | Виктор Степанович Черномырдин (1938—2010) | 23 тамыз 1998 | 11 қыркүйек 1998 | Үйіміз — Ресей | |
| 3 | ![]() | Евгений Максимович Примаков (1929—2015) | 11 қыркүйек 1998 | 12 мамыр 1999 | Партиясыз | |
| м. а. | ![]() | Сергей Вадимович Степашин (1952 туған) | 12 мамыр 1999 | 19 мамыр 1999 | Партиясыз | |
| 4 | 19 мамыр 1999 | 9 тамыз 1999 | ||||
| м. а. | ![]() | Владимир Владимирович Путин (1952 туған) | 9 тамыз 1999 | 16 тамыз 1999 | Партиясыз | |
| 5 | 16 тамыз 1999 | 7 мамыр 2000 | ||||
| м. а. | ![]() | Михаил Михайлович Касьянов (1957 туған) | 7 мамыр 2000 | 17 мамыр 2000 | Партиясыз | Владимир Путин![]() (2000–2008) |
| 6 | 17 мамыр 2000 | 24 ақпан 2004 | ||||
| м. а. | ![]() | Виктор Борисович Христенко (1957 туған) | 24 ақпан 2004 | 5 наурыз 2004 | Партиясыз | |
| 7 | ![]() | Михаил Ефимович Фрадков (1950 туған) | 5 наурыз 2004 | 7 мамыр 2004 | Партиясыз | |
| м. а. | 7 мамыр 2004 | 12 мамыр 2004 | ||||
| 7 | 12 мамыр 2004 | 12 қыркүйек 2007 | ||||
| м. а. | 12 қыркүйек 2007 | 14 қыркүйек 2007 | ||||
| 8 | ![]() | Виктор Алексеевич Зубков (1941 туған) | 14 қыркүйек 2007 | 7 мамыр 2008 | Партиясыз | |
| м. а. | 7 мамыр 2008 | 8 мамыр 2008 | Дмитрий Анатольевич Медведев![]() (2008–2012) | |||
| 9 | ![]() | Владимир Владимирович Путин (1952 туған) | 8 мамыр 2008 | 7 мамыр 2012 | Біртұтас Ресей | |
| м. а. | ![]() | Виктор Алексеевич Зубков (1941 туған) | 7 мамыр 2012 | 8 мамыр 2012 | партиясыз | Владимир Владимирович Путин![]() (2012–) |
| 10 | ![]() | Дмитрий Анатольевич Медведев (1965 туған) | 8 мамыр 2012 | 7 мамыр 2018 | Біртұтас Ресей | |
| м. а. | 7 мамыр 2018 | 8 мамыр 2018 | ||||
| 10 | 8 мамыр 2018 | 15 қаңтар 2020 | ||||
| м. а. | 15 қаңтар 2020 | 16 қаңтар 2020 | ||||
| 11 | ![]() | Михаил Владимирович Мишустин (1966 туған) | 16 қаңтар 2020 | Қазіргісі | Партиясыз | |
| м. а. | ![]() | Андрей Рэмович Белоусов (1959 туған) | 30 сәуір 2020 | 19 мамыр 2020 | Партиясыз | |
Сондай-ақ қараңыз
- 1802 жылдан бастап Ресей мен КСРО үкімет басшыларының тізімі
- Ресей үкіметі
- Ресей үкіметі
- Ресейдегі лауазымдар
- Премьер-министрлер тізімдері