Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ресей Федерациясы 83 субъекттен тұрады, оның 21-і республикалар. Барлығын қоса есептегенде республикалар Ресей аумағының 28,6 %-н алып жатыр, мұнда елдегі халық

Ресей республикалары

  • Басты бет
  • Ресей республикалары

Ресей Федерациясы 83 субъекттен тұрады, оның 21-і республикалар. Барлығын қоса есептегенде республикалар Ресей аумағының 28,6 %-н алып жатыр, мұнда елдегі халықтың 16,9 % мекендейді.

Республикалар өлкелер мен облыстармен салыстырғанда ұлттық-мемлекеттік құрылым болып табылады, яғни Ресей құрамында бола тұра белгілі бір халықтың (халықтардың) мемлекеттілігін көрсетеді. Өзге субъектілерден айырмашылығы - республикалардың өздерінің конституциялары бар және өздерінің мемлекеттік тілдерін бекіте алады.

Көптеген қазіргі кездегі республикалар кеңес үкіметі кезеңінде автономиялы кеңестік социалистік республика статусына ие болды, кейбірі автономиялы облыс болды. РКФСР-дің ішінде ұлттық мемлекеттік құрылым бола тұра федерация субъектілері болып есептелді (Өлкелер мен облыстардан айырмашылығы. Олар әкімшілік-аумақтық бірлік болатын).

Ресей республикалары басшыларының ұлттары

Мазмұны

Тізімі

1. Адыгея Республикасы (Майкоп)
2. Алтай Республикасы (Горно-Алтайск)
3. Башқұртстан Республикасы (Уфа)
4. Бурятия Республикасы (Улан-Удэ)
5. Дағыстан Республикасы (Махачкала)
6. Ингушетия Республикасы (Магас)
7. Қабарда-Балқар Республикасы (Нальчик)

8. Қалмақстан Республикасы (Элиста)
9. Қарашай-Черкесия Республикасы (Черкесск)
10. Карелия Республикасы (Петрозаводск)
11. Коми Республикасы (Сыктывкар)
12. Марий Эл Республикасы (Йошкар-Ола)
13. Мордовия Республикасы (Саранск)
14. Саха Республикасы (Якутск)

15. Солтүстік Осетия-Алания Республикасы (Владикавказ)
16. Татарстан Республикасы (Қазан)
17. Тыва Республикасы (Қызыл)
18. Ұдмұрт Республикасы (Ижевск)
19. Хакасия Республикасы (Абакан)
20. Шешен Республикасы (Грозный)
21. Чуваш Республикасы (Чебоксары)

 АдыгеяАлтай РеспубликасыБашқұртстанБурятияДағыстанИнгушетияҚабарда-БалқарияҚалмақстанҚарашай-ЧеркесияКарелияКоми РеспубликасыМарий ЭлМордовияСаха РеспубликасыСолтүстік ОсетияТатарстанТываҰдмұртияХакасияШешен РеспубликасыЧувашия

Ресей республикаларының ұлттық құрамы

халық титулды (%) орыстар (%) өзгелер (%)
республика 1979 ж. 1989 ж. 2002 ж. 2010 ж. 1979 ж. 1989 ж. 2002 ж. 2010 ж. 1979 ж. 1989 ж. 2002 ж. 2010 ж.
Адыгея 21,3 ▲ 22,1 ▲ 24,1 ▲ 25,2 70,8 ▼ 68,0 ▼ 64,4 ▼ 63,6
Алтай ▲29,1 ▲ 31,0 ▲ 33,4 ▲ 33,9 ▲63,3 ▼ 60,4 ▼ 57,4 ▼ 56,6 5,6 ▲ 5,9 ▲ 6,2
Башқұртстан 24,3 ▼ 21,9 ▲ 29,7 ▼ 29,5 40,3 ▼ 39,2 ▼ 36,3 ▼ 36,1 24,5 ▲ 28,4 ▼ 24,1 ▲ 25,4
Бурятия ▲23,0 ▲ 24,0 ▲ 27,8 ▲ 30 ▼72,1 ▼ 69,9 ▼ 67,8 ▼ 66,1
Дағыстан 86,0 11,0 ▼ 9,2 ▼ 4,6 ▼ 3,6
Ингушетия ▼11,7 ▲ 12,9 ▲ 77,2 ▲ 94,1 ▼31,7 ▼ 23,1 ▼ 1,1 ▼ 0,8
Қабарда-Балқария 45,6 ▲ 52,2 ▲ 55,3 ▲ 57,2 35,1 ▼ 31,9 ▼ 25,1 ▼ 22,5 9,0 ▲ 9,4 ▲ 11,6 ▲ 12,7
Қалмақстан ▲41,4 ▲ 45,3 ▲ 53,3 ▲ 57,4 ▼42,7 ▼ 37,6 ▼ 33,5 ▼ 30,2
Карашай-Черкесия 29,7 ▲ 31,2 ▲ 38,5 ▲ 41 45,0 ▼ 42,4 ▼ 33,6 ▼ 31,6 9,3 ▲ 9,7 ▲ 11,2 ▲ 11,9
Карелия ▼11,1 ▼ 10,0 ▼ 9,2 ▼ 7,4 ▲71,3 ▲ 73,6 ▲ 76,6 ▲ 82,2
Коми ▼25,3 ▼ 23,3 ▲ 25,1 ▼ 23,7 ▲56,7 ▲ 57,7 ▲ 59,5 ▲ 65,1
Марий Эл ▼43,6 ▼ 43,3 ▼ 42,8 ▲ 43,9 ▼47,6 ▼ 47,4 ▬47,4 ▬47,4
Мордовия ▼34,2 ▼ 32,5 ▼ 31,9 ▲ 40 ▲59,7 ▲ 60,8 ▬60,8 ▼ 53,4
Саха ▲36,9 ▼ 33,4 ▲ 45,5 ▲ 49,9 ▲50,5 ▼ 50,3 ▼ 41,1 ▼ 37,8
Солтүстік Осетия ▲50,5 ▲ 52,9 ▲ 62,7 ▲ 65,1 ▼34,0 ▼ 29,9 ▼ 23,1 ▼ 20,8
Татарстан ▼47,7 ▲ 48,4 ▲ 52,9 ▲ 53,2 ▲44,0 ▼ 43,2 ▼ 39,4 ▲ 39,7
Тыва ▲60,4 ▲ 64,3 ▲ 77,0 ▲ 82 ▼36,2 ▼ 32,0 ▼ 20,1 ▼ 16,3
Ұдмұртия ▼32,2 ▼ 30,9 ▼ 29,3 ▼ 28 ▲58,3 ▲ 58,9 ▲ 60,1 ▲ 62,2
Хакасия ▼11,4 ▼ 11,1 ▲ 11,9 ▲ 12,1 ▲79,5 ▼ 79,4 ▲ 80,2 ▲ 81,7
Шешенстан 52,9 ▲ 57,8 ▲ 93,4 ▲ 95,3 31,7 ▼ 23,1 ▼ 3,6 ▼ 1,9
Чувашия ▼68,4 ▼ 67,7 ▼ 67,6 ▲ 67,7 ▲26,0 ▼ 26,6 ▼ 26,5 ▲ 26,9

Ескерту: «Өзгелер» бағанасында екіқұрамды республикалардағы халық саны бойынша екінші орындағы ұлт көрсетілген.

Тағы қараңыз

  • Ресей өлкелері
  • Ресей облыстары
  • Федералдық маңызы бар қала (Ресей)
  • Автономиялық облыс (Ресей)
  • Автономиялық округ (Ресей)
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 02, 2026

    Қорқау қасқыр

  • Наурыз 21, 2026

    Біріккен сөздер

  • Сәуір 03, 2026

    Тайыр Жомартбаев

  • Наурыз 21, 2026

    1914 жыл

  • Сәуір 05, 2026

    Кванттық химия

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары