Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ресурстар (французша ressourse — құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар — табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

Ресурстар

  • Басты бет
  • Ресурстар

Ресурстар (французша ressourse — құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар — табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

Негізгі түрлері:

  • ақпараттық ресурстар — әлеуметтік мәні бар және қоғамдық іс-тәжірибеде пайдаланылатын ақпараттық материалдардың (ақпараттық құжаттардың, ақпараттың), сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпараттың жиынтығы;
  • банк ресурстары — банктердің меншікті және сырттан тартылған қаражатының жиынтығы, оны банктер несиелендіру және актив операцияларын жүргізу үшін пайдаланады;
  • бюджет ресурстары —барлық деңгейдегі бюджеттерге кіріс ретінде түсетін ақшалай қаражат;
  • еңбек ресурстары — халықтың еңбекке жарамды бөлігі;
  • қаржы ресурстары — мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның қарамағындағы ақшалай қаражат қорларының жиынтығы;
  • материалдық ресурстар — еңбек заттары мен құралдары: машиналар мен жабдық, шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, жартылай фабрикаттар, отын, аяқталмаған өндіріс және өндіріс қалдықтары, машиналар мен жабдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер, ыдыс;
  • табиғат ресурстары — жер, су, әуе байлықтары, пайдалы қазбалар, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі түріндегі табиғи, экономикалық, өндірістік ресурстар;
  • экономикалық ресурстар — фирманың, кәсіпорынның меншігіндегі және пайда алу үшін пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтың, бейматериалдық активтердің, басқа да құндылықтардың, ақшалай қаражаттың жиынтығы, өндірісті қамтамасыз ету көздері деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы;
  • экспорттық ресурстар — сыртқы нарықтарда өткізуге арналған өнім, көрсетілетін қызметтер, жекелеген жұмыс түрлері, қаржы-қаражат;
  • энергетикалық ресурстар — отынның барлық түрлерінің қорлары.
  • сарқылмайтын ресурстар
Айрық бет
Айрық туралы хабарлама Бұл — айрық бет. Көп мағыналы термин сұралғанда, оның мағыналарын ажыратып, қолданушыны тиісті мақалаға бағыттау үшін жасалған. Қандай да бір ішкі сілтеме осы бетке бағыттаса, сілтемені өзгертіп, тиісті бетіне тікелей сілтейтін қылып өзгертіңіз.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 12, 2026

    Сүйінбай Аронұлы

  • Сәуір 04, 2026

    Тіл (анатомия)

  • Сәуір 04, 2026

    Қан тамырлары

  • Наурыз 11, 2026

    Аристотель

  • Наурыз 21, 2026

    Қатерлі ісік

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары