| Робби Кин | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған күні | 8 шілде 1980 (46 жас) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 175 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Салмағы | 74 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | шабуылшы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қызметі | бапкер көмекшісі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Роберт Дейвид «Робби» Кин (ирл. Roibéard Daithí Ó Catháin, ағылш. Robert David „Robbie“ Keane; 8 шілде 1980, Дублин, Ирландия) — ирландиялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
Рой Киннің туған інісі.
Мансабы
Клубтық
Карьерасында Англия, Италия, Шотландия, АҚШ, Үндістан чемпионаттарында доп тепті.
Ұлттық құрама
2002 жылы Ирландия құрамасы араға 12 жыл салып Әлем чемпионатына жолдама алды да, Робби Кин негізгі құрам ойыншысы ретінде турнирге барды. Топтық кезеңнің екінші матчында Германия қақпасына соңғы минутта гол соғып, құраманы жеңістен құтқарып қалды. Соңғы турда Сауд Арабиямен ойында есеп ашты, бұл ойында Ирландия 3:0 есебімен жеңіске жетті.
1/8 финалда тағы да 90-минутта Испанияның қақпасына пенальтиден гол соғып, құраманы тағы да жеңілістен құтқарғанымен, пенальтилер сериясында Ирландия ұтылып қалды.
Арада екі жыл өткен соң құрамадағы 21-ші голын соғып, Нил Куиннді басып озды да, рекорд жасады. Карьерасын аяқтағанша құрамадағы голдарын 67-ге жеткізіп, Ирландия тарихындағы ең мықты футболшыға айналды.
2012 және 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.
Бапкерлік
2018 жылы "Атлетико Калькутта" сапында ойыншы-бапкер қызметін атқарды. Көп ұзамай Ирландия ұлттық құрамасында бапкер көмекшілігі қызметіне тағайындалды.
Жетістіктері
Командалық
Ковентри Сити
- Англия жастар кубогының финалисі: 2000
Интернационале
- Италия суперкубогының финалисі: 2000
Ливерпуль
- Англия чемпионатының күміс жүлдегері: 2008/09
- Англия лига кубогы: 2008
Селтик
- Шотландия чемпионатының күміс жүлдегері: 2009/10
- MLS кубогы (3): 2011, 2012, 2014
- MLS Supporters’ Shield жүлдесі: 2011
Ирландия құрамасы
- Еуропа чемпионы (19 жас): 1998
Жеке
- Ирландия құрамасының үздік мергені (67 гол)
- Жанкүйерлер сауалнамасы бойынша "Селтиктің" үздік ойыншысы: 2009/10
- Англия премьер лигасының үздік ойыншысы: тамыз 1999, қаңтар 2001, ақпан 2007
- Шотландия Премьер-лигасының үздік ойыншысы: наурыз 2010
- Ирландия құрамасын сапында әлем чемпионатында ең көп гол соққан футболшы: 3 гол
- MLS лигасының ең қымбат ойыншысы: 2014
- MLS символикалық құрамасы: 2012, 2013, 2014, 2015
Сілтемелер
| ||||||||||||||||||
- 8 шілдеде туғандар
- 1980 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Ирландия футболшылары
- Ирландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Вулверхэмптон Уондерерс ФК ойыншылары
- Интернационале ФК ойыншылары
- Ковентри Сити ФК ойыншылары
- Лидс Юнайтед ФК ойыншылары
- Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары
- Ливерпуль ФК ойыншылары
- Селтик ФК ойыншылары
- Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары
- Лос-Анжелес Гэлакси ФК ойыншылары
- Астон Вилла ФК ойыншылары