Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Браун Роберт - (Brown, Robert) (1773 – 1858), ағылшын ботанигi, 1773 жылы 21 желтоқсанда Монтроузда (Шотландия) дүниеге келдi. Абердинск және Эдинбург университ

Роберт Броун

  • Басты бет
  • Роберт Броун
(қараша 2016)

Браун Роберт - (Brown, Robert) (1773 – 1858), ағылшын ботанигi, 1773 жылы 21 желтоқсанда Монтроузда (Шотландия) дүниеге келдi. Абердинск және Эдинбург университеттерiнде (1789 – 1795) медицинадан бiлiм алады. Бес жыл бойы Британ армиясында хирургтың ассистентi болып жұмыс iстедi. 1798 жылы Лондонда Корольдiк қоғамының президентi Дж.Бэнкспен танысып, кейiннен оның ұсынысы бойынша 1801 жылы Австралияға баратын экспедицияға қатысуға шақырылды. 1805 жылы 4000 астам түрлi өсiмдiктер коллекциясымен Англияға оралды. 1810 жылы Австралия флорасына арналған еңбегi жарық көрдi. Сол жылы Бэнкстың жеке кiтапханашысы болды. Ол қайтыс болғаннан кейiн 1820 жылы оның кiтапханасы және барлық коллекциялары мұра етуi бойынша Броунға өмiр бойы иеленуге берiлдi. 1827 жылы ол олардың бәрiн Британ музейiне тапсырып, оның ботаника бөлiмiнiң сақтаушысы болды. 1849 жылдан 1853 жылға дейiн Броун Линнеевск қоғамының президентi болды.

Броунның негiзгi еңбектерi морфология мен өсiмдiктер систематикасына арналған. Ғалым алғаш рет тұқым шоғыры құрылымын жазып шықты, ашық тұқымды және жабық тұқымды өсiмдiктер арасындағы ерекшелiктi (1825ж.) орнатты, жоғарғы сортты өсiмдiктердегi жыныстық тозаңдану процесiн байқады. Бөлшектердiң табиғатын микроскоппен бақылап, тыныштықтағы суда олардың кез келген жаққа бейберекет қозғалыс жасайтынын (1827ж.) байқады. Сонымен қатар, кез-келген басқа бөлшектердiң де суспензиясы дәл сондай сипатта екенiн көрсеттi. Бұл құбылыс кейiннен броундық қозғалыс деген атқа ие болды. 1831 жылы Броун өсiмдiк клеткасының ядросын зерттеп жазды.

Броун 1858 жылы 10 маусымда Лондонда қайтыс болды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 10, 2026

    Алтынемел ауылдық округі

  • Сәуір 06, 2026

    Аштархан әулеті

  • Наурыз 11, 2026

    Жер (ғаламшар)

  • Сәуір 11, 2026

    Қазан ауданы

  • Сәуір 07, 2026

    Мәмлүк сұлтандығы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары