| Роберт Дюваль | |
| ағылш. Robert Duvall | |
| Роберт Дюваль (1984) | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 5 қаңтар 1931 (95 жас) |
| Туған жері | Сан-Диего, Калифорния, АҚШ |
| Қайтыс болған күні | Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр |
| Белсенді жылдары | 1952 — қазіргі уақыт |
| Марапаттары | Оскар (1984) |
| IMDb | |
Ортаққордағы Роберт Дюваль | |
Роберт Селден Дюваль (ағылш. Robert Selden Duvall; 5 қаңтар 1931, Сан-Диего, Калифорния) — америкалық актёр.
Өмірбаяны
Дюваль Сан-Диегода, бұрын адмирал болған әскери Уильям Говард Дювалдің отбасында дүниеге келген. Анасы, Милдред Вирджиния Харт, АҚШ-ғы азаматтық соғыс кезінде Конфедрацияға қолбасшылық еткен генерал Роберт Лидің тікелей ұрпағы саналады. Дювалдің әкесі Методикалық шіркеуге тиесілі болса, анасы екеуі Христиандық ғылымдар Мэри Бэйкер Эддидің ізбасарлары болған. Дюваль біраз уақыт ата-анасы мен бірге АҚШ-тың әскери-теңіз академиясынан алыс емес Аннаполисте тұрған. Ол Северна-Парктегі (Мэрилэнд штаты) Северн (ағыл. Severn School) мектебімен Сент-Луисетегі (Миссури шататы) Принципиа (ағыл. The Principia) мектептеріне барып тұрған. 1953 жылы Иллинойс шататының Элса қаласындағы Христиан ғылымдарының білім орталығындағы Принципиа (ағыл. The Principia College) колледжін тәмамдаған. Актер 1953 жылдың 19-шы тамызынан, 1954 жылдың 20 тамызына дейін АҚШ армиясында әскери борышын өтеген. 1954 жылы Роберт Дюваль Нью-Йорктегі актерлік шеберлік мектебі Neighborhood Playhouse оқуға түскен. Оқып жүріп поштада клеркші болып, қосымша табыс тапқан. Ол мектептегі кезеңде Джин Хэкмен және Дастин Хоффманмен танысқан. Кейіннен олар түсіру алаңында бірнеше мәрте қайта жолыққан. Дювальдің театр мектебіндегі жетекшісі Сэнфорд Мейснер (ағыл. IMDb) болған. Мейснер, Дювалді Хортона Фут The Midnight Caller пьесасына негізделген қойылымына қатыстырған. Роберта Дювал мен Хортон Футтың серіктестігі ұзақ жылдарға созылып, Дювалдің актерлік мансабында маңызды рөл ойнаған. 1962 жылғы «Убить пересмешника» фильміндегі «Страшилы» Рэдли рөлін сомдауға Дювальді ұсынған осы Фут болған.
Фильмография
- 1972 - «Өкіл әке»
- 1974 - «Өкіл әке 2»
- 5 қаңтарда туғандар
- 1931 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Сан-Диегода туғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- АҚШ актерлері
- BAFTA марапаты иегерлері
- Алтын глобус сыйлығының иегерлері
- Эмми сыйлығының иегерлері
- Үздік актер үшін Оскар сыйлығының иегерлері