Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Роберт Томас Паттинсон (ағылш. Robert Thomas Pattinson; 13 мамыр 1986 жыл, Лондон) — британдық актёр, модель, музыкант.

Роберт Паттинсон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Роберт Паттинсон
Robert Pattinson
Сурет
Паттинсон, 2025 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Роберт Томас Паттинсон

Туған күні

13 мамыр 1986 (1986-05-13)(40 жас)

Туған жері

Лондон, Англия, Ұлыбритания

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Мамандығы

актёр

Белсенді жылдары

2004 жылдан

Бағыты
  • Драма
  • экшн
  • суперқаһармандық
IMDb

ID 1500155

Роберт Томас Паттинсон (ағылш. Robert Thomas Pattinson; 13 мамыр 1986 жыл, Лондон) — британдық актёр, модель, музыкант.

Стефани Майер шығармасына негізделіп түсірілген «Ымырт» фильміндегі Эдвард Каллен рөлімен танымал болған. 2008 жылы «Өтпелі кезең» фильміндегі рөлі үшін Старбург фестивалінің басты жүлдесін алады. Сонымен қатар ол 2005 жылы шыққан «Гарри Поттер және От кубогі» фильмінде Седрик Диггори рөлін сомдаған. Кішкентайынан музыкаға әуес. «Ымырт» киносы үшін екі баллада шығарып, фильмде өзі орындап берген. Бұдан басқа ол электрогитараларды жинаумен айналысады.

Фильмографиясы

Фильмдері

Жылы Атауы Рөлі Режиссер Ескертпелер
2004 Vanity Fair Едолт Роуди Кроули Мира Нейр Ол түскен сценалар кесіп тасталды
2005 Гарри Поттер және От кубогі Седрик Дигори Майк Неуел
2008 Не істесе болады Сурет Оливер Ирвинг
Ымырт Едвард Каллен Катерин Хардуик
2009 Кішкентай Күл Сальвадор Дали Пол Моррисон
Ымырт сагасы: Жаңа ай Едвард Каллен Крис Уейтс
2010 Мені есіңе сақта Тайлер Хоукинс Аллен Колтер Және атқарушы продюсер
Ымырт сагасы: Тұтылу Едвард Каллен Девид Слейд
Махаббат және Сенімсіздік Ричард Дейзи Гили Сегмент: Жазғы үй
2011 Пілдерге су Джейкоб Янковски Френсис Лоуренс
Ымырт сагасы: Таң 1 бөлім Едвард Каллен Билл Кондон
2012 Сүйкімді дос Джорж Дюруа Деклан Донелан
Ник Ормерод
Космополис Ерик Пекер Девид Кроненберг
Ымырт сагасы: Таң 2 бөлім Едвард Каллен Билл Кондон
2014 Ровер Рейнольдс Девид Мишо
Жұлдыздар картасы Джером Фонтана Девид Кроненберг
2015 Шөл патшайымы Т. Е. Лоуренс Вернер Херцог
Өмір Денис Сток Антон Корбейн
2016 Көшбасшының бала кезі Чарльз Маркер Бреди Корбет
Жоғалған қала Z Генри Костин Джеймс Грей
2017 Жақсы уақыт Константин Никас Джош Сарди
2018 Бикеш Семьюел Алабастер Девид Зелнер
Натан Зелнер
Ақсүйектер өмірі Монье Клер Денис
2019 Маяк Ефрайм Уинслоу Роберт Еггерс
Патша Луис Девид Мишо
Варварларды күту Офицер Мандел Киро Гуерра
2020 Дәлел Нейл Кристофер Нолан
Әр уақытта Ібіліс Престон Тегардин Антонио Кампос
2022 The Batman Bruce Wayne / Batman Мэтт Ривз
TBA Майки7 Майки Боң Жун Ху Түсірілімдер

Телесериалдары

Жылы Атауы Рөл Ескертпелер
2004 Түнек Патшалығы: Айдаһарлар Патшасы Гизелер Сериал
2006 Елес Ұшқыш Тоби Джаг
2007 Жаман ананың анықтамалығы Дениель Гейл

Дискографиясы

Жылы Атауы Альбом Әнші Ескертпелер
2013 "Құстар" Government Plates Диз Греапс Гитарада ойнады

Саундтрек

Жыл Атауы Саундтрек
2008 "Never Think" Ымырт
"Let Me Sign"
2009 "Chokin' on the Dust" (Part 1) Не істесе болады
"Chokin' on the Dust" (Part 2)
"Doin' Fine"
2018 "Honeybun" Бикеш
2019 "Willow" (with tindersticks) Ақсүйектер өмірі
Жоғары