Үлгі:Infobox Astronaut
Роджер Чаффи (Roger Chaffee) (15.2.1935, Гранд-Рапидс қаласы, Мичиган штаты,- 27.1.1967, Кеннеди (Канаверал) мүйісіндегі сынау алаңы, Флорида штаты )- АҚШ астронавы, АҚШ Әскери-теңіз флотының лейтенанты. Лафайетт қаласындағы (Индиана штаты) Пердью университетін авиациялық техника мамандығы бойынша бітірген. Флоридадағы авиациялық базада қызмет етті. 1963 жылы АҚШ-тың Аэронавтика және космос кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасының астронавтар тобына қабылданды. «Аполлон-1» ғарыш кемесін сынау кезінде Вирджил Гриссом және Эд Уайтпен бірге корабль кабинасында болған өрттен қаза тапты.
Қолданылған әдебиет
- Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 100 бет
- 1935 жылы туғандар
- 1967 жылы қайтыс болғандар