Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Роман стилі (ағылш. romanesque style, фр. art roman, нем. romanіk), Еуропаның ортағасырлық өнерінде (негізінен Батыс Еуропада), 10 ғасырдан 12 – 13 ғасырларға д

Роман стилі

  • Басты бет
  • Роман стилі

Роман стилі (ағылш. romanesque style, фр. art roman, нем. romanіk), Еуропаның ортағасырлық өнерінде (негізінен Батыс Еуропада), 10 ғасырдан 12 – 13 ғасырларға дейін) дәуірлеген. Ол діни-ақсүйектік идеологияның үстемдік алған кезеңінде дүниеге келді. Негізінен сұсты да қомақты (бекініс құрылыстар) архитектуралық құрылыстардан көрініс тапты: тас монастырьлар кешені, шіркеулер, бекініс қамалдар, қала қабырғалары, тас немесе фахверктен тұрғызылған тұрғын үйлер, т.б. Ғимараттың алдыңғы беті мен порталын, капителін нақыштау ісінде қолданылатын мүсін-ескерткіштер мен фрескалар және миниатюралардың композициясынан діни әңгімелер, аса бай экспрессия мен фольклорлық сипаттағы шартты бейнелеу тәсілдері басым аңғарылады. Құрылысты ою-өрнекпен нақыштау, қалыптау, темір қақтау, көркем оймыш, тоқымашылық дамыды. Көптеген жергілікті мектептер пайда болды. Германия, Франция, Англия, Испания, Скандинавия елдерінде, Чехияда, Польшада роман стиліндегі таңдаулы туындылар дүниеге келді. Италияда проторенессанстың қанат жаюымен байланысты роман стилі ерекше сипат алды. 12 — 13 ғасырларда роман стилін готика ығыстырып шығарды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Маусым 07, 2026

    Сырымбет батыр

  • Сәуір 10, 2026

    Шу облысы

  • Сәуір 13, 2026

    Ғазнауи сұлтандығы

  • Сәуір 07, 2026

    Колумбия үстірті

  • Маусым 30, 2026

    Зейтін Ақышев

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары