| Рон Ховард | |
| ағылш. Ron Howard; | |
| Рон Ховард (2023) | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Рональд Уильям Ховард |
| Туған күні | 1 наурыз 1954 (72 жас) |
| Туған жері | Данкан, Оклахома, АҚШ |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | режиссёр |
| Белсенді жылдары | 1956 — қазіргі уақыт |
| Марапаттары | «Оскар» (2002 — екі мәрте) |
| IMDb | |
Ортаққордағы Рон Ховард | |
Рональд (Рон) Уильям Ховард (ағылш. Ronald William «Ron» Howard; 1 наурыз 1954, Данкан, Оклахома, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші, кинопродюсер және актер. «Оскар» марапатының екі дүркін иегері. Актриса Брайс Даллас Ховардтың әкесі.
Ховард еңбек жолын бала актер ретінде бастап, кейіннен режиссураға ауысты. Өзінің алты онжылдыққа созылған шығармашылық жолында ол екі «Оскар», жеті «Эмми», екі «Алтын глобус» және екі «Грэмми» жүлдесін қоса алғанда, көптеген беделді марапаттарға ие болды. 2003 жылы АҚШ-тың Өнер саласындағы ұлттық медалімен марапатталса, 2013 жылы Телевизиялық даңқ залына енгізілді. Кино мен телевизия саласына қосқан үлесі үшін Голливудтың «Даңқ аллеясында» оның екі бірдей жұлдызы орнатылған.
Ховард алғаш рет бала актер ретінде танылып, бірнеше телехикаяларға түсті. Ал 1960 жылдан 1968 жылға дейін көрсетілген «Энди Гриффит шоуы» ситкомында шериф Энди Гриффиттің ұлы — кішкентай Опи Тейлордың рөлін сомдап, бүкіл елге танымал болды. Осы кезеңде ол үлкен кассалық әрі сыншылардың жоғары бағасын алған «Музыкант» (1962) мюзикл-фильміне де түсті. Кейіннен Ховард киноиндустрияға үлкен ықпал еткен «Америкалық граффити» (1973) атты есейе бастаған жасөспірімдер туралы фильмде басты рөлдердің бірін ойнап, «Бақытты күндер» (1974–1980) ситкомындағы Ричи Каннингем рөлі арқылы әрбір америкалық отбасына жақсы таныс есімге айналды. Сондай-ақ, ол «Спайкс бандасы» (1974), «Сұрмерген» (1976) және өзінің режиссерлік дебюті болған «Үлкен автоұрлық» (1977) фильмдерінде басты рөлдерді сомдады.
1980 жылы Ховард режиссураға, продюсерлікке және кейде түрлі фильмдер мен телехикаялардың сценарийін жазуға толық көшу үшін «Бақытты күндер» жобасынан кетті. Оның режиссерлік еңбектерінің қатарында «Түнгі ауысым» (1982), «Сплеш» (1984) және «Піллә» (1985) комедиялары, «Уиллоу» (1988) фэнтезиі, «Кері тартылыс» (1991) триллері және газет редакциясының тынысын суреттейтін «Газет» (1994) комедиялық драмасы бар. Ол «Тамаша ақыл» (2001) туындысы үшін «Үздік режиссер» және «Үздік фильм» номинацияларында «Оскар» сыйлығын жеңіп алды, ал кейіннен «Фрост Никсонға қарсы» (2008) тарихи драмасы үшін осы санаттар бойынша тағы да екі мәрте «Оскарға» ұсынылды.
Ховард «Аполлон 13» (1995), «Нокдаун» (2005), «Жарыс» (2013), «Теңіз жүрегінде» (2015) және «Он үш өмір» (2022) сияқты тарихи драмаларды, «Гринч — Рождествоны қалай ұрлады» (2000) балаларға арналған фэнтези-фильмін, «Роберт Лэнгдон» (2006–2016) детективті-триллер франшизасын, «Диллемма» (2011) комедиясын және «Хан Соло. Жұлдызды соғыстар: Хикая» (2018) ғарыш драмасын түсірді. Сонымен қатар, ол «The Beatles: Аптасына сегіз күн» (2016), «Паваротти» (2019) және «Біз адамдарды тамақтандырамыз» (2022) сияқты көптеген танымал деректі фильмдердің режиссері атанды.
Фильмография
Толықметражды фильмдер
| Жыл | Атауы | Шынайы атауы | Рөлі | |
|---|---|---|---|---|
| 1977 | ф | Үлкен автоұрлық | Grand Theft Auto | режиссёр |
| 1982 | ф | Түнгі ауысым | Night Shift | режиссёр |
| 1984 | ф | Сплеш | Splash | режиссёр |
| 1985 | ф | Піллә | Cocoon | режиссёр |
| 1986 | ф | Гун Хо | Gung Ho | режиссёр |
| 1988 | ф | Уиллоу | Willow | режиссёр |
| 1989 | ф | Ата-ана болу | Parenthood | режиссёр |
| 1991 | ф | Кері тартылыс | Backdraft | режиссёр |
| 1992 | ф | Қиян шет | Far and Away | режиссёр |
| 1994 | ф | Газет | The Paper | режиссёр |
| 1995 | ф | Аполлон 13 | Apollo 13 | режиссёр |
| 1996 | ф | Өтеу | Ransom | режиссёр |
| 1999 | ф | Эд теледидардан | EDtv | режиссёр |
| 2000 | ф | Гринч — Рождествоны қалай ұрлады | How the Grinch Stole Christmas | режиссёр |
| 2001 | ф | Тамаша ақыл | A Beautiful Mind | режиссёр |
| 2003 | ф | Жоғалғандар | The Missing | режиссёр |
| 2005 | ф | Нокдаун | Cinderella Man | режиссёр |
| 2006 | ф | Да Винчи коды | The Da Vinci Code | режиссёр |
| 2008 | ф | Фрост Никсонға қарсы | Frost/Nixon | режиссёр |
| 2009 | ф | Періштелер мен іблістер | Angels & Demons | режиссёр |
| 2011 | ф | Диллемма | The Dilemma | режиссёр |
| 2013 | ф | Жарыс | Rush | режиссёр |
| 2015 | ф | Теңіз жүрегінде | In the Heart of the Sea | режиссёр |
| 2016 | ф | Инферно | Inferno | режиссёр |
| 2018 | ф | Хан Соло. Жұлдызды соғыстар: Хикая | Solo: A Star Wars Story | режиссёр |
| 2020 | ф | Хиллбилли элегиясы | Hillbilly Elegy | режиссёр |
| 2022 | ф | Он үш өмір | Thirteen Lives | режиссёр |
| 2024 | ф | Эдем | Eden | режиссёр |
- 1 наурызда туғандар
- 1954 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша кинорежиссёрлер
- АҚШ кинорежиссёрлері
- Алфавит бойынша сценарийшілер
- АҚШ сценарийшілері
- Алфавит бойынша кинопродюсерлер
- АҚШ кинопродюсерлері
- Алфавит бойынша актерлер
- АҚШ актерлері
- Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері
- Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (продюсерлер)
- Алтын глобус сыйлығының иегерлері
- Сатурн сыйлығының иегерлері
- Эмми сыйлығының иегерлері
- Грэмми сыйлығының иегерлері