| Рэйф Файнс | |
| Ralph Fiennes | |
Файнс, 2024 жыл | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Рэйф Натаниел Туислтон-Уайкхем-Файнс |
| Туған күні | 22 желтоқсан 1962 (63 жас) |
| Туған жері | Ипсуич, Суффолк, Англия, Ұлыбритания |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы |
|
| Белсенді жылдары | 1985 жылдан |
| Жұбайы | Алекс Кингстон (үйл. 1993; аж. 1997) |
| Туыстары |
|
| IMDb | |
Ортаққордағы Рэйф Файнс | |
Рэйф Натаниел Туислтон-Уайкхем-Файнс (ағылш. Ralph Nathaniel Twisleton-Wykeham-Fiennes,/ˈreɪf ˈfaɪnz/) — ағылшын актёрі, кинопродюсері мен режиссёрі. Сахна мен кинодағы еңбегі үшін Файнс BAFTA сыйлығы, Тони жүлдесі, жеті қатар Алтын глобус пен бір Эмми прайм-тайм сыйлығымен марапатталған, үш рет Оскар сыйлығына ұсынылған.
Рэйф ФайнсИспуич, Англияда дүниеге келген, 1985 жылы Драмалық өнер корольдік академиясындағы оқуын бітірді. Шекспир байымдаушысы болған ол Корольдік ұлттық театрда өзін көрсете алып, Корольдік Шекспир компаниясында өнер жасады. 1995 жылы Файнс Бродвей театрындағы дебютін жасады: Гамлеттегі аттас кейіпкердің рөлін сомдағаны үшін ол Тони жүлдесіне қол жеткізді.
Файнс кинодағы дебютін Найзағайлы асу (1992) фильмінде жасады. Шиндлердің тізімі (1993), Ағылшын пациент (1996) пен Конклав (2024) фильмдеріндегі үлесі үшін ол Оскар сыйлығына ұсынылды.
Файнс Хәрри Поттер (2005–2011) франшизасындағы Лорд Волдеморт кейіпкерін және Джеймс Бонд (2012–2021) фильмдеріндегі Гарет Малони / М кейіпкерін сомдағаны үшін дүние жүзінде белгілі болды. Ол, оған қоса, Гранд Будапешт қонақ үйі (2014), Мысыр ханзадасы (1998) мен Лего Фильм: Бэтмен (2017) фильмдерінде рөл сомдады.
Драмалық өнер корольдік академиясындағы оқуы кезінде Файнс ағылшын актрисасы Алекс Кингстонмен танысты. Он жыл бойы олар бірге жүрді де, 1993 жылы үйленді. Файнс Кингстонға Франческа Анниспен опасыздық жасайды да, жұп 1997 жылы ажырасты. Аннис пен Файнс 11 жыл бойы бірге болды да, 2006 жылғы 7 ақпанда айырылысты. 1999 жылдан бері Файнс — Ұлыбританиядағы ЮНИСЕФ өкілі.
Ескертпелер
- Кейде есімі Ральф, тегі Файнз деп транслитерацияланады
- Есімінің Ральф (Ralph) деп жазылғанына қарамастан ол Рэйф деп оқылады. Бұл британдықтар ескі дәстүрінен шыққан болатын.
- 22 желтоқсанда туғандар
- 1962 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Ипсуичте туғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- Ұлыбритания актерлері
- XX ғасыр актерлері
- XXI ғасыр актерлері
- Алфавит бойынша кинопродюсерлер
- Ұлыбритания кинопродюсерлері
- XX ғасыр кинопродюсерлері
- XXI ғасыр кинопродюсерлері
- Алфавит бойынша кинорежиссёрлер
- Ұлыбритания кинорежиссёрлері
- XX ғасыр кинорежиссёрлері
- XXI ғасыр кинорежиссёрлері
- Ұлыбритания телевизия актерлері
- Ұлыбритания театр актерлері
- Ұлыбритания дыбыстама актерлері
- Тони сыйлығының иегерлері
- European Film Awards иегерлері
- BAFTA марапаты иегерлері
- ЮНИСЕФ ізгі ниет елшілері
- Туислтон-Уикем-Файнз
- Ұлыбритания киноактерлері
- Аудиокітап баяндаушылары
