Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

“Садақ” — қолжазба журнал. 1915 жылдың 9 қарашасынан 1918 жылдың 10 ақпанына дейін Уфада шығып тұрған. Шығарушылар “Ғалия” медресесінің шәкірттері. Ұйымдастыруш

Садақ (журнал)

  • Басты бет
  • Садақ (журнал)

“Садақ” — қолжазба журнал. 1915 жылдың 9 қарашасынан 1918 жылдың 10 ақпанына дейін Уфада шығып тұрған. Шығарушылар “Ғалия” медресесінің шәкірттері. Ұйымдастырушылар – Б.Майлин, Ж.Тілепбергенов.

Журналдың бағыты мәдени-ағартушылық сипатта болды. Негізінен мынадай құрылымнан тұрды: 1) бас сөз (әдебиет жыры, сөздері); 2) роман (оқиға, қиял); 3) халық көркем сөзі (ертегі, тақпақ, би сөздері, жұмбақ, мақал); 4) күлкі; 5) өлең (жазба өлең, халық өлеңдері); 6) ішкі, тысқы хабарлар һәм басқалар. “Садақта” новелла тәрізді қысқа әңгімелер, көлемді повестер, очерктер, сықақ этюдтер, жас ақындардың өлеңдері, сын пікірлер, қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары жарияланған. Журнал қазақ журналистикасының тарихында елеулі рөл атқарды.

Олар «шығарушы - «Қазақ» ұйымы» деп көрсеткен. Аталған медресе шәкірттері Қазақ газетін, сондағы қайраткерлерді үлгі тұтқан. Деректерге қарағанда, олар Алаштың «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ұран» газеттерін де жаздыртып алып тұрған. Бұл басылым да «Ғалия» медресесінің қазақ шәкірттеріне тілектестігін білдіріп отырған. Журналда Б.Майлин, Ж.Тілепбергенұлы, Х.Сартәлиұлы, З.Имажанұлы, Ә.Мұстафаұлы, А.Әшкеұлы, Х.Басымұлы т.б. авторлардың материалдары жарық көрген. Журнал мақсаты - жастарды жаңа әдебиетке тарту, өмірдің және елшілдіктің маңызын түсіндіру, жауапкершілікті арттыру еді. Бұл іс Алаш қозғалысына қосылған елеулі рухани үлес болды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 14, 2026

    Қазақстан демографиясы

  • Сәуір 09, 2026

    Жорға (тау)

  • Сәуір 06, 2026

    Формальды логика

  • Сәуір 08, 2026

    Ғылыми таным

  • Сәуір 06, 2026

    Әбілхайыр хан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары