Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Сайқан желі - Ебі желіне кері бағытта Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел. Алакөл үстінде жоғары қысым орнағанда, антициклон тұрақтап к

Сайқан желі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сайқан желі - Ебі желіне кері бағытта Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел. Алакөл үстінде жоғары қысым орнағанда, антициклон тұрақтап күшіне енген кезде, Сайқан желі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғады. Желдің жылдамдығы 50-60 м/с. Алакөл ойысында температура 30-37°С-қадейін төмендейді. Сайқан жоталарын қуалай соғатын жел болғандықтан, сайқан желі деп аталады. Жел қыркүйек пен көкек айлары аралығында күшті соғып, көктем мен күзде бәсеңдейді. Қатты соққан кезде Алакөлдің су деңгейі 1 м-ге дейін көтеріледі. Тигізер зияны көп. Сайқан желі уақыты 2-3 тәулікке созылуы мүмкін. Жауған қарды ұшырып әкетеді, топырақты құрғатады, мал басын шығынға ұшыратып, жол қатынасын қиындатады, балық аулауға зиянын тигізеді.


Жоғары