Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Салжұқ әулеті (парсы: آل سلجوق‎ Āl-e Saljuq; 1038 — 1194) — түркі-оғыз әскерінің сол қанатын құраған қынық тайпасынан шыққан әулет. Әулеттің негізін қалаушы Сал

Салжұқ әулеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
1092 жылғы Ұлы Салжұқ империясы, Мәлік шах I өлгеннен соң

Салжұқ әулеті (парсы: آل سلجوق Āl-e Saljuq; 1038 — 1194) — түркі-оғыз әскерінің сол қанатын құраған қынық тайпасынан шыққан әулет. Әулеттің негізін қалаушы Салжұқ. Олардың әуел бастағы атамекені Оңтүстік-батыс Қазақстан аймағы мен Сырдарияның орта саласы болған. Кейбір топтары Сығанақ пен Қаратауды мекендеген. 10 ғасырдың орта шенінде басқа оғыз тайпаларымен қақтығысып қалған салжұқтар Сырдарияның төменгі саласына қоныс аударып, ислам дінін қабылдады. Олар 1010 — 32 ж. Зарафшан мен Нұрата тауларына қарай ойысты, 1038 — 40 ж. Ғазнауи сұлтандығынан Хорасанды (Иранның солтүстік-шығыс облысы) тартып алып, Салжұқ сұлтандығын құрды. Салжұқтардың алғашқы билеушілері ағайынды Тоғрылбек (1038 — 63) пен Шағрыбек (1038 — 59) болды. Салжұқ әулетінің белгілі сұлтандары: Алып-Арслан (1063 — 72), Мәлік шах I (1072 — 92), Санжар сұлтан (1118 — 57). 11 ғасырдың аяғына қарай Салжұқ әулеті билеген мемлекет әлсіреп, ұсақ иеліктерге бөліне бастады. 12 ғасырдың аяғына қарай Салжұқ әулетінің билігі мүлдем жойылды.

Галерея

Жоғары