Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Салық жеңілдігі — салық төлеушілердің кейбір санаттарына басқаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлеу мүмкіндігінің берілуі. Салық жеңілдігі қолданыстағы заңнама

Салық жеңілдігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Салық жеңілдігі — салық төлеушілердің кейбір санаттарына басқаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлеу мүмкіндігінің берілуі. Салық жеңілдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес беріледі. Салық жеңілдігін мемлекет: ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру, өндірістің келешегі зор салаларының дамуын жеделдету; экологиялық талаптарды сақтау қажеттігіне байланысты кәсіпорынға түсетін туынды қаржы ауыртпалығын жеңілдету; қоғамның ауқаты төмен жіктерін әлеуметтік қорғау; белгілі бір демографиялық саясатты жүргізу мақсаттарына пайдаланады. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде жеке сипаттағы салық жеңілдігін беруге тыйым салынған; салық жеңілдігін беру кезінде іскерлік және өндірістік қызметті көтермелеу көзделеді; салық жеңілдігі өтеулі, мерзімді және мәлімделмелі сипатта болады. Cалық жеңілдігін беру нысандары: салық негізін немесе салық сомасын азайту, салық мөлшерін төмендету; салық несиесін қамтитын мақсатты салық жеңілдігі маңызды салық жеңілдігінің бірі — салық салынбайтын минимум (салық объектісінің салықтан босатылатын ең төменгі мөлшері). Салық несиесі — кәсіпорынның инвестициялық жобаны іске асыруына, мемлекеттік билік тарапынан ұсынылатын белгілі бір талаптарды іске асыруға байланысты салық төлемінің мерзімін ұзартатын жеңілдік. Салық қызметімен немесе мемлекеттік әкімшілікпен несие келісімін жасасу нысанында беріледі; онда салық несиесінің мөлшері мен оны беру мерзімі, оның қайтарылу шарттары, несие бойынша пайыз мөлшерлемесінің көлемі келісіледі.

Жоғары