| Сам соры | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 37 м |
| Өлшемі | 35 × 10 км |
| Орналасуы | |
| 45°31′58″ с. е. 56°31′26″ ш. б. / 45.53278° с. е. 56.52389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°31′58″ с. е. 56°31′26″ ш. б. / 45.53278° с. е. 56.52389° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Маңғыстау облысы, Ақтөбе облысы |
| Аудан | Бейнеу ауданы, Байғанин ауданы |
Сам – Солтүстік Үстірт кемері мен Сам құмы аралығында жатқан сор.
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Бейнеу және Ақтөбе облысы Байғанин аудандары аумағында орналасқан.
Аңыз дерегінде былай делінеді: «Бұл құм өңірін ұзақ жылдар Сам Малкелдіұлы атты әрі әруақты, әрі би адам жайлаған. «Хан төрелігі бұзылса да, Сам төрелігі бұзылмас» деген мақал сол кезден қалған. Сол Сам Маңғыстау, Үстірттің топографиялық картасын жасау үшін арнайы жүрген орыс экспедициясына жолбасшы болып, жер-суды білгірлігімен көп көмек көрсеткен. Оларды Арал теңізін жағалатып, Қоңыратқа дейін алып барған. Осы жерге келгенде экспедиция бастығына: «Мен келісім бойынша көрсетілген жерге дейін аман-сау әкелдім, енді рұқсат болса елге қайтсам», – дейді. Экспедиция бастығы: «Еңбегіңе ризамын. Өңірдің қажетті жер-суы картаға тҥсірілді. Бізден не өтінішің бар, айт, орындайын» – дейді. Сонда Сам: «Сиырдың бөтекесіндей бұлтиып-бұлтиып жатқан, қазір өзім жайлап отырған алақандай құм өңірді Сам құмы деп атасаңыз, ал бергі жағындағы құмға Матай деп жассаңыз, өтінішім сол», – дейді. Содан бері бұл өңір картаға ресми түрде түсіріліп, Сам құмы, Матай құмы деп аталады. Матай да сол құмды жайлап отырған Бәйімбет тайпасының беделді адамы болатын.
Атаудың сөзжасамдық мағынасы
Е.Қойшыбаев көнетүркі тілінде шам/сам – «лай», «батпақ» деген мағына береді деп қарайды. Осы мәліметке сүйенсек, бір кездері ол өңірде мол су көзі болып, құмы батпақты болған шығар» деген де ойға келеміз.
Жер бедері
Теңіз деңгейінен 37 м биіктікте жатыр. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 35 км-ге созылған, енді жері 10 км шамасында. Жер бедері тегіс, тақыр келген. Бетін қабыршақтанған тұз қабаты жапқан, өсімдік жамылғысы сирек. Айнала жағалауы дөңді, құмдауытты. Абай қыстауы мен Тұрайымбет құдығы бар.
- Алфавит бойынша көлдер
- Сорлар
- Бейнеу ауданы географиясы

