| Санаэ Такаити 高市 早苗 | ||||
Ресми портреті, 2025 жыл | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 21 қазан 2025 жылдан бастап | ||||
| Монарх | Нарухито | |||
| Ізашары | Сигэру Исиба | |||
| ||||
| 4 қазан 2025 жылдан бастап | ||||
| Ізашары | Сигэру Исиба | |||
| ||||
| 11 қыркүйек 2019 — 16 қыркүйек 2020 | ||||
| Премьер-Министр | Синдзо Абэ | |||
| Ізашары | Масатоси Исида | |||
| Ізбасары | Рёта Такэда | |||
| 3 қыркүйек 2014 — 3 тамыз 2017 | ||||
| Премьер-Министр | Синдзо Абэ | |||
| Ізашары | Ёситака Синдо | |||
| Ізбасары | Сэико Нода | |||
| ||||
| 11 қыркүйек 2005 жылдан бастап | ||||
| Ізашары | Тэцудзи Накамура | |||
| 19 шілде 1993 — 8 қараша 2003 | ||||
| Өмірбаяны | ||||
| Партиясы | Либерал-демократиялық партия (1996–) Жаңа мәре партиясы (1994–1996) Либералдар (1994) Партиясыз (1993–1994) | |||
| Білімі | Кобе университеті | |||
| Мамандығы | Бизнес әкімшілігі бакалавры | |||
| Дүниеге келуі | 7 наурыз 1961 (65 жас) Яматокорияма, Нара, Жапония | |||
| Жұбайы | Таку Ямамото (үйл. 2004; аж. 2017) (үйл. 2021) | |||
| Балалары | 3 | |||
| Сайты | sanae.gr.jp | |||
| Қолтаңбасы | ||||
| Санаэ Такаити Ортаққорда | ||||
| өңдеу | ||||
Санаэ Такаити (кейде Такаичи,7 наурыз 1961 жыл, Нара префектурасы) — жапониялық саясаткер, 2025 жылғы қазаннан бергі Жапония премьер-министрі мен Либерал-демократиялық партияның президенті. Такаити — бұл лауазымдарға ие болған тұңғыш әйел және Нара префектурасының тұңғыш тумасы. 1993 жылдан 2003 жылға дейін және 2005 жылдан бері Өкілдер палатасының депутаты болып келген ол бұрын Синдзо Абэ мен Фумио Кисида премьерліктері тұсында түрлі министрліктерді басқарған.
Такаитидің ұстанымын бақылаушылар ұлтшыл, консерваторлық деп сипаттаған. Такаитидің ішкі саясатына белсенді мемлекеттік шығындар мен абэномиканың жалғасуы жатады. Әлеуметтік мәселелерге келгенде, ол консерваторлық пікір айтып жүрген: ол үйленгендегі әйел фамилиясының өзгергенін қолдайды және Жапон императорлық әулетіндегі әйелдің басшы болғанына қарсы тұрады. Ол Жапония армиясын қайта құру идеясын қарастыру керек деп ойлайды, Жапонияның Тайвань мен АҚШ-пен қатынасын дамытамын дейді. Такаити — аса ұлтшыл Ниппон Кайги тобының мүшесі, Жапония тарихына ұлтшыл көзқараспен қарайды, тарих осы түрде ғана БАҚ-та, оқу орындарында көрсетілсін дейді.
Өмірбаяны
Яматокорияма, Нара префектурасында туған Такаити Кобе университетін бітіріп, саяси мансабына дейін жазушы, заңи көмекші, таратқыш болды. 1993 жылы партиясыз болып Өкілдер палатасына сайланды да, 1996 жылы Либерал-демократиялық партияның мүшесі атанды. Абэның шәкірті болған ол Абэның премьерлігі тұсында түрлі министрліктерге басшы болды, соның ішінде екі мәрте Ішкі істер және коммуникациялар министрлігінің министрі болды. 2021 жылы Такаити Либерал-демократиялық партияның басшысына үміткер болды, алайда 3-орын алып, жеңілді. 2022 жылдан 2024 жылға дейін, Фумио Кисида премьерлігі тұсында, ол Экономикалық тұрақтылық үшін Мемлекет министрі болды. Такаити 2024 жылы Либерал-демократиялық партияның басшысына екінші мәрте үміткер атанып, бірінші айналымда жеңді, алайда екінші айналымда Сигэру Исибаға жеңілді. Исибаның отставкасынан кейінгі 2025 жылғы Партия басшысы сайлануына Такаити тағы бір қатысып, осы жылы жеңіп, партияның тұңғыш әйел басшысы атанды.Жапония Инновациялар партиясымен бірге коалицияға келіп, Такаити 21 қазанда Жапония парламенті көмегімен Жапония премьер-министрі болып сайланды да, осылайша елдің тұңғыш әйел премьері болды. Такаитиге 237 адам дауыс берді. Оның қарсыласы, Ёсихико Нода, 149 дауыс алды.
Өз өмірі
2004 жылы Такаити әріптес депутат Таку Ямамотоға үйленді. Олардың еш баласы болмаған, бірақ Ямамотоның бұрынғы некесінен 3 баласы бар. Олар 2017 жылғы шілдеде ажырасты. Себебін Такаити саяси келіспеушілік деді. 2021 жылғы желтоқсанда олар қайта үйленді. Такаитидің өгей балаларынан төрт немересі бар.Гинекологиялық аурудан ота жасатқан Такаити жүкті болуды, бала тууды қиын көрді де, ақыр аяғында бала табудан бас тартты. 2007 жылы ол «қоғам баласыз әйелдерді қабылдаса ғой» деді.
Бірінші некесінде Такаити күйеуінің тегін заңды түрде алды, бірақ қоғамдық өмірде туған тегін қолдана берді. Қайта үйленгесін Таку Ямамото оның орнына Такаити тегін алды, бұл ерлі-зайыптылардың бірдей тегіне ие болуы керек деген заңды талапты орындау үшін жасалды.
2025 жылғы қарашада премьер-министр Такаити күніне 2, кейде 4 сағат ұйықтайтынын айтты.
Ескертпелер
- 7 наурызда туғандар
- 1961 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Нара префектурасында туғандар
- Үлкен жиырмалық басшылары
- Жапония саясаткерлері
- Кобе университеті түлектері
- Жапония премьер-министрлері
- Саясаттағы Жапония әйелдері
- Жапония Өкілдер палатасы мүшелері
- Жапония ішкі істер министрлері
- Либерал-демократиялық партия (Жапония) төрағалары
- Қазіргі мемлекет басшылары

