| Сандэнс кинофестивалі | |
| |
| Жалпы мәліметтер | |
|---|---|
| Негізі қаланды | 1985 жыл |
| Өткізілу орны | Парк-Сити, АҚШ |
| Марапаттар | |
| Басты марапаты | Grand Jury Prize Dramatic |
| Ресми сайт | |
Сандэнс кинофестивалі (ағылш. Sundance Film Festival) — америкалық тәуелсіз фильмдердің кинофестивалі. Тәуелсіз киноның ең ірі фестивальдердін бірі.
Фестивальдің ұйымдастырушысы Сандэнс институты (ағылш. Sundance Institute) болып табылады. Сандэнс институтын 1981 жылы атақты актер Роберт Редфорд және оның достары тәуелсіз америкалық кино қалыптастыруына жағдай жасау үшін құрды.
Кинофестиваль Роберт Редфордтың «Бутч Кэссиди және Сандэнс Кид» фильміндегі өзінің ең сүйікті кейіпкері — Сандэнс Кидтің құрметіне аталған.
Фестиваль америкалық және халықаралық тәуелсіз кинематографистердің жаңа туындыларына арналған алаң ретінде қызмет етеді. Ол америкалық және халықаралық драмалық және деректі фильмдердің (толықметражды және қысқаметражды) конкурстық бөлімдерінен, сондай-ақ конкурстан тыс көрсетілімдер тобынан тұрады.
Фестиваль 1978 жылы Юта штатының Солт-Лейк-Сити қаласында «Utah/US Film Festival» деген атаумен негізделді. 1981 жылы фестиваль көршілес Парк-Ситиге (Юта) көшіп, атауы «US Film and Video Festival» болып өзгертілді. Ал 1991 жылы оған ресми түрде «Sundance Film Festival» атауы берілді.
40 жылдан астам уақыттан кейін, 2027 жылы фестиваль Колорадо штатындағы Боулдер қаласына көшеді. 2026 жылы ол Ютада соңғы рет өткізілді.
Тарихы
Сандэнс кинофестивалі 1978 жылы Юта штатына кинематографистерді көбірек тарту мақсатында «Utah/US Film Festival» деген атаумен негізделді. Ол кездері фестиваль бағдарламасы негізінен ретроспективалық көрсетілімдер мен режиссерлерге арналған панельдік пікірталастардан тұратын, бірақ соған қарамастан Голливудтан тыс жерде түсірілген шағын туындылар да көрсетіліп тұратын.
Фестивальдің елеусіз аймақтық шара деңгейінен шығып, әлемдік биікке көтерілуіне екі негізгі фактор себеп болды. Біріншісі — 1981 жылдан бастап осы аймақта тұратын танымал актер әрі режиссер Роберт Редфордтың фестиваль төрағалығына келуі. Оның есімі мен беделі шараға зор назар аудартты. Екінші фактор — режиссер Сидни Поллактың кеңесімен фестиваль уақытының қыркүйектен қаңтарға ауыстырылуы. Поллак қысқы тау шаңғысы курортындағы фестиваль Голливуд өкілдерін бұл жерге ағылып келуіне себеп болады деп болжаған.
1985 жылы басқару тізгіні «Sundance Institute» коммерциялық емес ұйымына өтіп, 1991 жылы фестиваль қазіргі ресми атауына ие болды. Көптеген әйгілі режиссерлер, соның ішінде Квентин Тарантино, Роберт Родригес, Кевин Смит, Джеймс Ван, ағайынды Коэндер, Дэвид О. Расселл, Пол Томас Андерсон, Стивен Содерберг, Даррен Аронофски, Дэмьен Шазелл мен Джим Джармуш өздерінің алғашқы үлкен жеңістеріне осы жерде қол жеткізді. Сондай-ақ «Қоймалық иттер», «Блэр мыстаны», «Эль Мариачи», «Донни Дарко», «Жаздың 500 күні» және «Шабыт» сияқты кино әлемінде із қалдырған туындылар алғаш рет осы Сандэнс сахнасында қалың көрерменге жол тартты.
- АҚШ кинофестивальдері
