Сапар Байжанов (19.2. 1930, қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Шайқорық ауылы — 4.5.1999, Алматы) — Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1952). 1950-1958 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің әдеби қызметкері, жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі, редактор дың орынбасары болып істеді. 1958—1965 жылдары «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының жауапты хатшысы, редактордың орынбасары, Бас редактор, 1965— 1973 жылдары Қазақстан КП ОК аппаратына жауапты қызметте, 1973— 1983 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакторы, 1983—1994 жылдары ҚР Бас Мұрағат басқармасының бастығы болған. Әр жылдары жарияланған “Жаңа леп”, “Құрыш зергерлері”, “Ақ маржан”, “Сұңқар көңіл самғайды”, тағы басқа туындылары Байжановтың жазушы-журналист ретіндегі қаламгерлік қарымын танытты.
Жетістіктері
- Филология ғылымының кандидаты (1974), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
- Ол жайында «Өмірге өкпесі жоқ адам» атты естеліктер жинағы шыққан (2000).
- 2000 жылы 14 сәуірде Алматыдағы No162 қазақ мектебіне Сапар Байжанов есімі берілді.
- Алматыдағы көшелердің біріне оның есімі берілді.
Отбасы
Балалары:
- Байжанов Ұлан Сапарұлы (1958 жылы туған) – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрінің орынбасары.
- Ерлан Сапарұлы Байжанов (1962 жылы туған) – қазақстандық саясаткер.
- Байжанов Нұрлан Сапарұлы (1959 жылы туған) – қаржыгер.
- Назим Сапарова (1964 жылы туған) – журналист, жазушы.
Шығармалары
- Замандас туралы толғау. А., 1973;
- Архив-айғақ. А., 1988;
- Абай және архив. А., 1995;
- Қажыға барған қазақтар (Қ.Исабаевпен бірігіп жазған). А., «Ана тілі», 1996;
- Алакөбеде оят мәні. Роман. «Жазушы», 2000.
- Қазақстан жазушылары
- Жамбыл облысы тұлғалары
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- 1930 жылы туғандар