Сары қараған (ағылш. Caragana arborescens) - бұршақ тұқымдасына жататын биіктігі 0,5-2 м бұта не 5-7 м ағаш.
Биологиялық сипаттамасы
Жапырағы қауырсын салалы, шоқтанып орналасқан, қосалқы жапырақшасы тікенді. Гүлі қос жынысты, сары гүлі 1-5 тен топтанған. Жемісі 5-8 тұқымды бұршақ. Мамыр-маусымда гүлдеп, шілде-тамызда жемісі піседі. Сары Қараған тез өседі, суыққа төзімді, тұқымынан және жас шыбығынан көбейтіледі. Сары қараған қалың бұталы орманды және орманды далалы аймақтарда, жыра, ай, тау бөлітерінде өседі.
Таралуы
Сары қараған Шығыс және Батыс Сібірде, Монғолияда, Қазақстанда: Көкшетау, Семей, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында таралған.
Қолданылуы
Сары қарағаны топырақты құнарландырады, жас бұтақтарынан себет тоқылады. Әсемдік үшін қолдан өсіріледі, гүлінен ара бал жинайды. Тұқымы майлы, құсқа жем.
- Бұршақтар тұқымдасы