Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Сатып алу-сату — азаматтық құқықта сатушы сатып алушының меншігіне мүлікті сатуға, ал сатып алушы — мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір соманы төлеуге м

Сатып алу-сату

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сатып алу-сатуазаматтық құқықта сатушы сатып алушының меншігіне мүлікті сатуға, ал сатып алушы — мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір соманы төлеуге міндеттенетін барынша кеңінен таралған шарттардың бірі.

Сатып алу-сату шарты

Сатып алу-сату шарты (ағылш. sale agreement) — біртарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттенетін азаматтық-құқықтық шарт.

Сатып алушылық қабілеттің бара-барлығы

Сатып алушылық қабілеттің бара-барлығы - екі валютаның тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жиынына қатысты сатып алушылық қабілеті бойынша арасалмағы; әдетте, ол нарықтық валюта бағамымен үйлеспейді.

Сатудан кейінгі қызмет көрсету

Сатудан кейінгі қызмет көрсету - нарықтық стратегия нышаны, оны өнеркәсіптік жабдық, автомобильдер, тұрмыстық техниканы шығарушы компаниялар сатып алушылардың оларды сатып алғаннан кейін пайдалануы барысындағы қолайлылығын жақсарту мақсатымен қолданады.

Жоғары