Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сауыр таулары — тау жүйесі Алтай-Саян және Тянь-Шань екі ірі тауының торабында жатқан таулар. Оның ең биік нүктесі – Мұзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндег

Сауыр таулары

  • Басты бет
  • Сауыр таулары
(мамыр 2021)

Сауыр таулары — тау жүйесі Алтай-Саян және Тянь-Шань екі ірі тауының торабында жатқан таулар. Оның ең биік нүктесі – Мұзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 50 км. Сауырдың шыңдары тегіс және күмбез тәрізді. Сауыр жотасының беткейлерінен бастау алып, Зайсан қазаншұңқыры мен Қара Ертіс алабын сумен қамтамасыз ететін негізгі өзендерге мыналар жатады: Кендірлік, Үйдене, Қарабуға, Жеміс, Шегелек және Темірсу. Сауыр-Тарбағатай тауларының аймағы табиғи ерекшеліктеріне сәйкес Тарбағатай таулы-далалы ауданы және Сауырдың таулы орманды-шалғынды дала-сы болып бөлінеді. Тарбағатай даласының өсімдіктері бұталы, қарағайлы болып келеді де, таудың солтүстік беткейінде альпі шалғынына ұласады. Оңтүстік бет-кейде де бұталы өсімдіктер көп. Сайларда жемісжидек ағаштары, көк терек, ақ терек шағын ормандар кездеседі. Тарбағатайдың биік шалғыны Алтай тауынан ауысса, алма, Түркістан аршасы сияқты түрлер Тянь-Шань аймағынан келген. Оңтүстік беткейдің далалық бөлігінде жусанды өсімдіктер көп, ол жайылым есебінде пайдаланылады. Тау алқабында егістік мол әрі таудың батыс беткейінде бақтар бар. Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-Шань шыршасынан тұрады. Бұл аймақтың Сібір мен Орта Азия аралығындағы өткінші орын екенін тағы да дәлелдейді. Сауырдың оңтүстігі мен Тарбағатайдың шығыс бөлігі аралығын Шілікті шөлейт даласы алып жатыр.

Тағы қараңыз

  • Сауыр-Тарбағатай
  • Тянь-Шань
  • Алтай тауы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Бата оқыр

  • Сәуір 12, 2026

    Сырдария округі

  • Сәуір 06, 2026

    Сүлеймен пайғамбар

  • Сәуір 05, 2026

    Ұлыбритания туы

  • Наурыз 15, 2026

    Дүниежүзілік көрме (2017)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары